8 июня 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Біздің қоғам қандай мамандарға зәру?

Біздің қоғам қандай мамандарға зәру? Жастар болашақ мамандығын дұрыс таңдай біле ме? Әрбір адамның болашағы таңдаған мамандығына да байланысты екені анық. Сол себепті мамандық таңдау оңай емес. Шыны керек, кейбір жастарымыз жақсы маман иесі болсам деп ойлай бермейді. Әйтеуір, бір мамандықты таңдай салып, диплом алып шықсам болды дейді. Сонда саны көп, сапасы жоқ дипломнан не пайда? «Түйір нан – тамшы тер» демекші, жақсы маман иесі болу үшін көп ізденіс, оқу, білім алу, ең бастысы мамандыққа деген сүйіспеншілік қажет.

"Ана тілі" газеті

Бүгінгі таңда ең қажетті мамандық­тардың қатарына энергетик, құрылыс­шы, геолог, радиотехник, инженер, мұнай мен газ, кен ісі сынды маман­дықтар аталып жүр. Осы салаларда білікті мамандардың керек екені рас. Елімізде «Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы» қолға алынғалы техника мамандарына сұраныс артты. Сонда біздің қоғам қандай мамандарға зәру? Біз осы сауалды бірқатар қоғам мүшелеріне қойып көрген едік.

Зейнеткер Сағатхан Қарағойшиева: «Меніңше, ауылшаруашылығына мамандар аса қажет. Мал дәрігерлерін, агрономдарды көбірек даярлау керек» десе, құрылысшы Батырбек Сағынтай: «Елімізде техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарға сұраныс жоғары. Әсіресе, сантехник, электрик, дәнекерлеуші, механик, ағаш ұстасы, слесарь, токарь мамандары тапшы. Мұның себебі мектеп бітірген оқушылардың көбі кәсіптік оқу орындарына барғылары келмейді. Жастардың тілімен айтқанда, бұл мамандық иелері заманауи емес. Өкінішке орай, қазіргі кейбір жастар «ауырдың астымен, жеңілдің үстімен» жүргенді ұнатады. Құрылыс саласында жұмыс атқарып жүргеніме жиырма жылдан асты. Әріптестерім өзіммен қатарлас, арамыздағы ең жас маман 40-45 жас шамасында. Біздің де зейнетке шығатын уақытымыз келеді, сонда осы жұмыстарды кім атқарады» дейді.

Асқар Елеубаев, Шетел тілі педагогикалық колледжі директорының оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары: «Қазіргі таңда жоғары білікті жас мұғалімдер аз. Неге дейсіз ғой? Биыл бос тұрған орын бойынша жұмыс істедім. Бір айдың ішінде жаңадан қабылданған мұғалімдердің 10-нан астамы ауысты. Жұмыс істеуге икемдері жоқ, өз мамандықтарын толық игермеген. Меніңше, бұл басқа мамандықтарға да тән үрдіс» деп атап өтті.
Мамандық таңдауда балаларға объективті-субъективті жағдайлар да әсер етіп жатады.

Мақсат Оспанов, Алматы қаласының тұрғыны:«Мен Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінде Әлеуметтік қызмет және бизнес факультетінің Әлеуметтік қызметкер бөлімінде оқыдым. Бұл мамандықты таңдауыма ата-анам түрткі болды. Өзім өнер жолын таңдаған болатынмын, бірақ ата-анам: «Бұл мамандық бойынша жұмыс табылады әрі қоғамға қажет» деген болатын. Нәтижесінде, 4 жылды бос өткіздім, дипломым үйде жатыр, жұмыс іздеп бірнеше жерге бардым, жалақысы да мәз емес, айына 45 000 теңге, ол ақшаға менің жолым, тамағым кіреді. Бұл мен үшін аз. Ал мен бұл мамандықты алып шығу үшін 4 жылда 1 200 000 теңге төледім. Қазіргі таңда өзім қалаған өнер жолында асабалық қызмет атқарамын, жұмысым өзіме ұнайды. Қарттардың батасын, үлкендердің алғысын алып жүрген жайым бар. Қаржы жағына келсек, мамандығым бойынша бір айда 45 000 теңге тапсам, асабалық қызметімде бір тойда 70 000 теңге аламын. Бірақ бұл өмір бойы асаба боламын деген сөз емес, өзім қалаған мамандығым бойынша жоғары оқу орындарының біріне тапсыру жоспарда бар», - деді.

Осындай қателіктерді болдырмау үшін, оқушыларға мамандық таңдауда дұрыс бағыт-бағдар беретін іс-шаралар жиі өтіп тұрса екен дейсің… Осы­ған орай жақында Астана қа­ла­сының жастар саясатын қол­дау мемлекеттік қоры ­Астана қа­ласының Жастар ­саяса­ты мәселелері басқармасының бас­тамасымен мемлекеттік жас­тар сая­саты саласына қатысты аймақтық бағдарламаларды жүзеге асыруға бағытталған іс-шаралар аясында еңбек нарығында сұранысқа ие жұмысшы мамандықтарды насихаттау және кәсіби бағыт-бағдар беру жұмыстары ­бойынша мектеп оқушыларына арнап ауқымды кездесу өткізді.

«­Астана қаласының Жас­тар саясатын қолдау мемлекеттік қоры» директорының орынбасары Айдар Исаев өз ойын былайша бөлісті: «Қазіргі таңда қоғамдағы өзекті әлеуметтік мәселелердің бірі – жастар арасындағы жұмыс­сыздық. Тіпті кейінгі жылда­ры жо­ғары оқу орындарының тү­лек­тері арасындағы заңгер, экономист, қаржыгер және бірқатар гуманитарлық мамандықтар бойын­ша жұмыссыздық деңгейінің өскені айқын байқалып отыр. Бұл еңбек нарығындағы тепе-теңдіктің сақталуына кері әсерін тигізеді. Оған түрлі факторларды келтіруге болады. Ең басты себептердің бірі – мектеп қабырғасында болашақ мамандық таңдауға қатысты жүргізілетін кәсіби бағыт-бағдар беру іс-шараларының тиісті деңгейде болмауында. Сонымен бірге түлектердің қазіргі заман талабына сай мамандықтар мен кәсіп иелері туралы толық ақпаратпен қамтамасыз етілмеуін де атап өтуге болады».

Расында, кәсіптік білім беруде шешімін күтіп тұрған мәселелер бар. Алматы поли­графиялық колледжінің директоры Б.Ахметов былай дейді: «Балалардың кәсіптік білімге деген қызуғышылығын арттыру үшін оларға кәсіптік мамандық туралы көбірек айтуымыз керек. Жастарға ертерек кәсіптік бағдар бергеніміз абзал. Мамандықты ойланып барып таңдаған жөн. Бұл маңызды іске мектепте көңіл бөлінуі тиіс.
Баспа саласына мамандар дайын­дап жатқан рес­пуб­ликадағы жалғыз оқу орнымыз. 40 жылдық тарихымыз бар. Қазір мемлекеттік қазыналы мекемеміз. 650 студент оқып жатыр, жылына 300 студент қабылдаймыз».

Заман талабына сай өмір сүру керек деп жатамыз ғой, заманға сай жаңа мамандықтар қажет. Қазіргі жастарға шетел тілін білу, компьютерді жоғары деңгейде қолданып, оның әртүрлі бағдарламаларын игеру талап етіліп отыр. Яғни инновациялық озық технологияларды жоғары деңгейде меңгерген, нанотех­нологияларды игерген, компью­терлік бағ­дар­ламаларды құрас­тырушы мамандар – заман талабына сай пайда болып жатқан ма­мандықтар. Елімізде нанотехнология саласы қолға алынып жатыр. Бұл сала информатика, физика, химия тәрізді ғылымды жетік меңгерген, біліктілігі мол мамандардың бірлесе отырып жұмыс істеуін керек етеді. Нанотехнология дамыса, онымен бірге химиялық биология, ­биотехнология өріс алады. Өйткені олар бір-бірімен тығыз байланыс­ты.

Оқырмандар пікірінен байқағанымыздай, жастардың көбі кәсіптік мамандықтарға қызыға қоймайды. Неліктен олай? Қайта қоғам қажет етіп отырған зәру мамандықтарды игеруге жастарымыз көбірек баруы керек емес пе? Сұранысы төмен мамандыққа оқып, жұмыс таба алмай отырған жақсы ма, әлде белгілі бір кәсіпті меңгеріп, өз ісінің шебері атанып, өмірде өз жолын тапқан жақсы ма? Біз екіншісін қолдаған болар едік.

Динара МАСАКОВА
Просмотров материала: 5 741

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 151 726 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 151 536 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 151 191 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 151 220 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 151 518 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 9 935 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 9 082 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 9 253 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 12 900 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 13 095 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 22 026 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 120 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 954 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 826 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 652 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 797 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 937 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 603 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 974 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 702 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 708 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 552 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 392 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 648 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 592 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 103 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 529 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 430 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 675 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 019 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 431 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 409 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 450 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 393 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 627 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 769 Просмотров





Опрос


«    Июнь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30