11 марта 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



"Теңізшевройл" жарты жылда 13 миллион тонна мұнай өндірді

13 ноябрь 2014, 4:59
"Теңізшевройл" жарты жылда 13 миллион тонна мұнай өндірді 2014 жылдың бірінші жартысында мұнай өндіру көлемі 13 миллион тоннаны (104 миллион баррельді) құрады. Бұл туралы \«Теңізшевройл» ЖШС-нің бас директоры Тим Миллер бірқатар БАҚ өкілдерімен өткізген баспасөз мәслихаты барысында айтты.

Сонымен қатар, ТШО мұнайды бірнеше тасымалдау бағыты бойынша экспортқа шығарады. Атап айтқанда, шикі мұнайды Каспий құбыр концорциумының құбыры арқылы Новороссийскіге және темір жолмен Одесса, Тамань және Ақтауға, әрі қарай Батуми мен Кулевиге экспортқа жібереді. ТШО сұйытылған газ сату көлемін 627 мың тоннаға, ал құрғақ газ сату мөлшерін 3,3 миллиард текше метрге жеткізді.

Бұл компанияның біздің еліміздегі жұмыс жасай бастағандағы ең үлкен жұмысының бірі – күкірт сату көлемінің артуы. Бір кездері күкірттің тау боп үйіліп қалғандығы, оның еліміздің экологиясына қауіп-қатері жайлы талай рет алқалы жиындарда мәселе көтерілген. Міне, осы мәселе соңғы жылдары оң шешімін тауып келеді. Компания кейінгі жылдары 1,8 миллион тонна күкірт сатты. Бұл – аталмыш кезеңде өндірілген 1,1 миллион тонна күкірттің 166 пайызы. Бұл дегеніңіз, қордаланған күкірт қоры анағұрлым азайды дегенді білдіреді. Нақты айтар болсақ, биылғы жылдың 30 маусымындағы мәліметке сәйкес, күкірт сату бағытындағы табысты жұмыс нәтижесінде Теңіздегі осы күнге дейін сақталып келген күкірт көлемі 450 мың тоннадан төмен деңгейге азайды. «Теңізшевройл» жоғары сапалы күкірттің төрт түрін, ең алдымен, Жерорта теңіз бассейні мен Орта Азия, Ресей, Украина мен Қытайға өткізуде. Өз еліміздің компаниялары да отандық сапалы өнімнен сырт қалып жатқан жоқ.

2000 жылдан бері «Теңізшевройл» қоршаған ортаға әсерді азайтуға бағытталған жобаларға 2,8 миллиард АҚШ доллары көлемінде қаржы бөлді. Қоршаған ортаны қорғауға жұмсалған бұл инвестициялар алауларда жағылатын газдың жалпы көлемін 2000 жылдан 93 пайызға азайтуға мүмкіндік берді.
2000 жылдан биылғы жылдың бірінші жартысына дейін қоршаған ортаны қорғау және зауыт сенімділігін арттыру шараларына жұмсалған инвестициялар КТЛ-дағы техникалық ақаулар санын 55 пайызға, сондай-ақ техникалық ақаулар кезінде алауларда жағылатын шикі және қышқыл газ мөлшерін 95 пайызға азайтуға ықпалын тигізді.

Компания биылғы жылдың бірінші жартысында қазақстандық тауарлар мен қызметтерді пайдалануға 1 миллиард доллардан астам қаржы жұмсады. Ал елімізде жұмыс бастаған 1993 жылдан бері «Теңізшевройл» қазақстандық мекемелердің 16,5 миллиард долларды құрайтын тауарлары мен қызметтерін кәдеге жаратқан. Демек, компания өз қызметін жүргізу арқылы еліміздің өзге де саласының дамуына айрықша үлес қосып келеді.
ТШО-да жұмыс жасайтын қазақстандық қыз­меткерлердің үлесі 1993 жылмен салыстырғанда 50 пайыздан 86 пайызға дейін өсті. Компаниядағы жергілікті ұлттық басшылардың, орта буын же­текшілерінің үлесі жалпы басшылық құрамның 75 пайызын құрайды. Жас мамандарды оқыту, үйрету, олардың біліктілігін арттыру жұмыстары да жолға қойылған. Компания өкілдері бұл үрдіс алдағы уақытта да жалғасын таба беретінін айтты.

Әлеуметтік салаға да қолдау көрсетілуде. Компания шаңырақ көтерген 1993 жылдан бері ТШО қызметкерлері мен жергілікті тұрғындардың игілігі үшін облыстың әртүрлі әлеуметтік жобаларына 920 миллион доллардан астам қаржы жұмсалды. Биылғы жылы «Игілік» ерікті әлеуметтік инфрақұрылым бағ­дарламасы бюджеті 25 миллион доллар құрайды. Аталмыш қаржының негізгі үлесі Атырау қаласы мен Жылыой ауданында бой көтерер балабақшалар мен мектептер құрылысына жұмсалады. Үстіміздегі жылы Атырау облысының денсаулық сақтау, білім және оқыту салаларының сапасын жақсартуға көмектесу мақсатында компанияның әлеуметтік инвестициялар бағдарламасына 1 миллион доллардан астам қаржы бөлінді.

Кейбір шетелдік компанияларда жергілікті қызметкерлер мен шет ел кадрларына төленетін жалақыға қатысты түсінбеушілік бары байқалады. «Бұл мәселе сіздерде қалай реттелген?» деген сқраққа «Бұл мәселе бойынша бізде түсіністік орын алған. Қызметкерді жұмысқа қабылдарда бұл жөнінде ашық та айқын айтылады. Сондықтан да ешқандай реніш, наразылық болған емес» деді компания басшысы. «Мемлекеттік тілдің маңызын жақсы түсінемін. Сыртқа шығарылатын құжаттардың мемлекеттік тіл­де де жазылуына мән беріледі. Өзім де қазақ тілін үйреніп жүрмін», – деді жауап беруші тілге қатысты сауал қойған журналистке.
Просмотров материала: 1 790

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 190 289 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 189 838 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 189 394 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 189 439 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 189 773 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 070 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 182 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 455 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 15 779 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 15 922 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 386 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 312 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 529 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 349 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 184 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 524 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 427 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 116 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 522 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 275 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 226 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 062 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 900 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 187 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 120 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 621 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 303 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 941 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 207 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 576 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 963 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 910 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 985 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 944 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 159 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 308 Просмотров





Опрос


«    Март 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031