28 октября 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Қауіп мұнайдан ба, әлде рубльден бе?

10 ноябрь 2014, 17:34
Қауіп мұнайдан ба, әлде рубльден бе? Мұнай бағасының күннен-күнге құл­дырауы осы шикізаттан түсетін қаржыға аса маңыз беретін мемлекеттер үшін қиынға соғуда.
Өйткені мұнай өндіретін көптеген мемлекеттердің қара алтыннан түсетін пайдасы кеміді, бюджеті ортайды, ұлттық валюталары құнсызданды, экономикалары тоқырай бастады. Мұны ешкім жоққа шығара алмасы анық. Сол жағдай бүгін Қазақстанның да басында бар.


"Айқын" газеті

Бұдан біраз бұрын Ұлттық Банк төрағасы Қайрат Келімбетов «Мұнай бағасының түсуі де, Ресей рублінің құнсыздануы да бізге айтарлықтай әсері жоқ» деген еді. Алайда араға көп уақыт салмай бас банкир Алматыда өткен «Қазақстанды қар­жыландыру өсімі» атты халықаралық форумында алдыңғы айтқан сөзіне кереғар пікір айтты. Ол «Қазақстанды барлығы мұнай өндіруші ел ретінде таниды. Біз әлемдегі мұнай шығарушы ең ірі 20 елдің қатарына кіреміз. Сондықтан мұнайдың орта есеппен алғандағы бағасына тәуел­діміз. Баға баррелі үшін 85 доллар болуы мүмкін, сәл көп, не сәл аздау тіркелуі де ықтимал» дей келе, баға құбылысына байланысты; «Оны ешкім болжай алмайды. Баға құбылысы өте жоғары болуы мүмкін екенін де түсінеміз. Тіпті ол құлдырап кетуі де ғажап емес. Ал бұл жағдай Қазақстан сияқты мұнай өндіруші елге үлкен қиындық әкелуі мүмкін. Елімізге қазір Ресей экономикасының, әсіресе, рубль ба­ғамының төмендеуі әсер етіп отыр. Өйткені Ресей – Қазақстанның ірі сауда әріптесі» деп мұнай бағасының да, рубльдің де бізге әсері бар екенін мойындады. Ал өзгелер не дейді?

Жангелді ШЫМШЫҚОВ, экономист-сарапшы:


Қауіп мұнайдан ба, әлде рубльден бе?

– Біз бұған дейін әлемде қалыптасқан саяси-экономикалық жағдайды қаперге алмай, «бізде бәрі жақсы, бәріне төтеп береміз» деп жаңсақ сөйлеп келдік. Шынында, солай ма? Жоқ. Мұнай ба­ғасының төмендеуінде саяси астар жатқаны белгілі. Оны қайталап жату міндет емес. Қазір Ресей – жаһан елдері тарапынан қыспаққа қалып отырған мемлекет. Өрісі тарылып, одан құтылуға өресі жетпей жатыр. Қазақстан Кедендік одақта, алдағы жаңа жылдан бастап Еуразиялық экономикалық одақта Ресеймен бірге. Демек, экономикалық тығыз байла­ныстамыз. Олай болса, Ресейдің басына туған күн неге бізге тумайды? Сөз жоқ, қиыншылық бізге де келеді. Қазірдің өзінде білінуде. Бұған бір мысал, бюджетті қайта қарауымыз. Яғни Бас банкир мұнай ба­ғасының арзандауы, рубль бағамының төмендеуі ел экономикасына қиындықтар әкелуі мүмкін деп мойындауы дұрыс. Енді соған қарсы шараларды жүзеге асыратын кез келді.


Ілияс ИСАЕВ, қаржыгер-сарапшы.


Қауіп мұнайдан ба, әлде рубльден бе?

– Бұл жерде алдымен екі нәрсені анықтап алған жөн. Біріншісі, мұнай бағасының әсері қандай? Екіншісі – біз девальвацияны долларға ма, әлде рубльге байланысты жасаймыз ба? Негізгі фактор ретінде нені алып отырмыз? Мұнай ма, әлде рубль ме? Рас, маусымнан бері мұнай бағасы 30 пайызға арзандады. Бұған қарсы шара ретінде бюджет қайта қаралғаны белгілі. Дегенмен бұл жерде керемет бір қауіпті көріп тұрған жоқпын. Еліміздің қаржылық әлеуеті мықты. Мәселен, бірінші орында Ұлттық қор тұр. Одан кейін Алтын вальюта қоры бар. Мұнай бағасы тө­мендегеннің өзінде осы қор ұлттық эко­номиканы қорғап қала алады. Бұл – бір, екіншіден, үкімет қазір отандық өнеркәсіпке қатты көңіл бөлуде. Индустриялық-иновациялық бағдарламалар, ауыл­шаруашылық саласы, инфрақұрылымдар, т.б. Сондай-ақ елге инвестиция тарту үшін де көптеген ұтымды шаралар жасауда. Демек, мұнай бағасы төмендесе де, ұлттық экономикамыз керемет бір күйзеліске түсе қоймайды. Ал екінші мәселеге келетін болсақ, жалпы, біз девальвация, ревальвация саясатын дұрыс жүргізіп отырмыз ба? Осы саясатты өндіріспен байланыстырып отырмыз ба? Мәселенің үлкені сонда. Соңғы деректерге көз жүгіртетін болсақ, Ресейден келетін импорт азайған. Ол өзінен-өзі белгілі. Өйткені құрсауға тап болған Ресей имортпен айналысуға шамасы келмеуде. Бізге қажеті де сол. Бос орынды өзіміз толтыруға ұмтылуымыз керек. Демек, теңгеге девальвация жасаудың қажеті шамалы. Жалпы, делвальвация саясаты импортқа тосқауыл қою үшін, экспортқа жол ашу үшін қажет. Тағы бір мәселе, долларға жабыспай-ақ, Ресеймен Қа­зақстан рубльмен теңгенің басымдығын анықтап, тікелей сауда-саттық опера­цияларын жасайтын кез жетті.
Просмотров материала: 2 084

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 172 617 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 172 447 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 172 073 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 172 119 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 172 407 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 161 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 10 299 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 10 526 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 14 567 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 14 728 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 23 437 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 902 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 375 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 219 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 038 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 240 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 312 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 983 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 370 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 095 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 108 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 938 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 774 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 036 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 978 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 493 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 959 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 812 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 088 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 421 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 828 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 784 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 832 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 789 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 015 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 158 Просмотров





Опрос


«    Октябрь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031