3 августа 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Құлдыраған рубль, қапалы инвестор

06 ноябрь 2014, 16:35
Құлдыраған рубль, қапалы инвестор Жыл басынан бері рубльдің бағамы долларға шаққанда 30 пайызға, ал еуроға шаққанда 20 пайызға құлдыраған. Қазір Ресей Орталық банкі рубльді тұрақтандыру керек пе, жоқ па деген мәселе төңірегінде бас қатырып отыр. Әйтсе де, егер рубль бағамы 50 пайызға дейін құлдыраса, валюта курсын қолдап реттеуге тура келетіні айдан анық.Экономика мен саясаттың, оның ішінде геосаясаттың ымы-жымы бір екені осы жолы да дәлелденді. Әлемдік мұнай бағасының төмендеуі, Еуроодақ пен АҚШ бастаған елдердің экономикалық санкциялары ресейлік нарықтағы жағдайды шатқаяқтатып жіберді.

"Түркістан" газеті

Ресейлік экономистер үшін ең үлкен қынжылыс – бүгінгі саяси-экономикалық ауыртпашылықтар елдің инвестициялық имиджіне ойсырата нұқсан келтірді. Қазіргі қаржылық қиындықтардан аман-есен өткен күнде, алдағы уақытта шетелдік қаржыны қайырып әкелу оңайға соқпас. Оның үстіне, соңғы жылдары Ресейдің өзінен сыртқа кететін қаржы ағыны күшейе түскен.
Ал Еуроодақ Ресейге қатысты санкциялар күшін жоюға асығар емес. Бұл мәселе келесі жылы наурыз айында ғана талқыға түсуі мүмкін. Бұл батыстық экономикалық санкциялар келесі жылдың еншісіне көшеді деген сөз.

Ресей мен Украина арасындағы газ дауы шешімін тапқан күннің өзінде суыған көңілді жібітуге бұл аздық етеді. Кремль қанша бұлталақтағанымен, халықаралық қауымдастықпен қырғи-қабақ болудың кері ықпалын анық сезіне бастады. Оның үстіне, әлемдік нарықтағы мұнай бағасы соңғы үш жылдағы ең төменгі шекке дейін арзандады. Ресейлік мұнай өндіруші компаниялар онсыз да батыстық технологиялар мен капиталға қойылған шектеудің кесірінен зардап шегіп отыр. Олардың жұмысы ақсаса, ресейлік мұнай экспорты көлемі азайып кетуі ықтимал.

Кейбір деректерге қарағанда, Орталық банк қазан айының басынан бері рубль курсын әупірімдеп ұстап тұруға 10 миллиард доллар бөлген көрінеді. Бұған дейінгі белгілі деректерге жүгінсек, 2008-2009 жылдарындағы қаржылық дағдарыстан соң Ресей Орталық банкі осы мақсатта бес айда 200 миллиард доллар жұмсаған. Президент Путиннің кеңесшісі Сергей Глазьев инфляцияны ауыздықтау үшін валюта курсын белгілі бір деңгейде нақтылап, ұстап тұруды ұсынса да, қаржыгерлер мұндай тәуекелге баруға дайын емес.
Бұрынғы қаржы министрі Алексей Кудрин ұлттық валюта курсын жасанды түрде бір деңгейде ұстап тұру елдің алтын-валюта қорының азаюына әсер етеді деп санайды.

Қазіргі қаржы министрі Антон Силуанов мұнай бағасы арзандап, елдегі қаражат сыртқа кетіп жатқанда, рубльдің бағамын қолдан жасауға болмайтынын айтады. «Қазіргі жағдайда курсты өз еркіне жіберу керек, бұл Орталық банктің өз алтын-валюта қорынан айрылып қалмауы үшін қажет»,− деді ол.
Кремльдік сарапшылар әлі де жұртшы­лық­ты сабасына түсіруге тырысып бағуда. Олар валютаның девальвациясы инфля­ция­ға ұласпайды деген пікір айтуда. Инфля­цияның ресми көрсеткіші әзірге 9 пайыздан­ ас­пайды. Бірақ инфляциядан үш-төрт есе құлдыраған валюта бағамы ресейлік эконо­ми­каның дамуына тежегіш болатыны онсыз да түсінікті. Ресейлік қаржыгерлердің ендігі міндеті бір сарынды инфляция мен ұлттық валютаның құлдырауы жағдайында экономикалық өсімді сақтап қалу.

Ал кейбір басылымдар «Рубль бағамы бұдан әрі құлдыраса, орыс қоғамы қайтадан бас көтеріп, тағы шеру жасай ма?» деген сұраққа жауап іздей бастады. Бірақ бұл әзірге риторикалық сұрақ күйінде қалып отыр.
Ал Ресей Орталық банкі, шамасы, келесі жылдың басында рубльдің курсын еркіне жіберуге мәжбүр болмақ.

АстанаЭкономика мен саясаттың, оның ішінде геосаясаттың ымы-жымы бір екені осы жолы да дәлелденді. Әлемдік мұнай бағасының төмендеуі, Еуроодақ пен АҚШ бастаған елдердің экономикалық санкциялары ресейлік нарықтағы жағдайды шатқаяқтатып жіберді.
Ресейлік экономистер үшін ең үлкен қынжылыс – бүгінгі саяси-экономикалық ауыртпашылықтар елдің инвестициялық имиджіне ойсырата нұқсан келтірді. Қазіргі қаржылық қиындықтардан аман-есен өткен күнде, алдағы уақытта шетелдік қаржыны қайырып әкелу оңайға соқпас. Оның үстіне, соңғы жылдары Ресейдің өзінен сыртқа кететін қаржы ағыны күшейе түскен.

Ал Еуроодақ Ресейге қатысты санкциялар күшін жоюға асығар емес. Бұл мәселе келесі жылы наурыз айында ғана талқыға түсуі мүмкін. Бұл батыстық экономикалық санкциялар келесі жылдың еншісіне көшеді деген сөз. Ресей мен Украина арасындағы газ дауы шешімін тапқан күннің өзінде суыған көңілді жібітуге бұл аздық етеді. Кремль қанша бұлталақтағанымен, халықаралық қауымдастықпен қырғи-қабақ болудың кері ықпалын анық сезіне бастады. Оның үстіне, әлемдік нарықтағы мұнай бағасы соңғы үш жылдағы ең төменгі шекке дейін арзандады. Ресейлік мұнай өндіруші компаниялар онсыз да батыстық технологиялар мен капиталға қойылған шектеудің кесірінен зардап шегіп отыр. Олардың жұмысы ақсаса, ресейлік мұнай экспорты көлемі азайып кетуі ықтимал.

Кейбір деректерге қарағанда, Орталық банк қазан айының басынан бері рубль курсын әупірімдеп ұстап тұруға 10 миллиард доллар бөлген көрінеді. Бұған дейінгі белгілі деректерге жүгінсек, 2008-2009 жылдарындағы қаржылық дағдарыстан соң Ресей Орталық банкі осы мақсатта бес айда 200 миллиард доллар жұмсаған.
Президент Путиннің кеңесшісі Сергей Глазьев инфляцияны ауыздықтау үшін валюта курсын белгілі бір деңгейде нақтылап, ұстап тұруды ұсынса да, қаржыгерлер мұндай тәуекелге баруға дайын емес.
Бұрынғы қаржы министрі Алексей Кудрин ұлттық валюта курсын жасанды түрде бір деңгейде ұстап тұру елдің алтын-валюта қорының азаюына әсер етеді деп санайды.

Қазіргі қаржы министрі Антон Силуанов мұнай бағасы арзандап, елдегі қаражат сыртқа кетіп жатқанда, рубльдің бағамын қолдан жасауға болмайтынын айтады. «Қазіргі жағдайда курсты өз еркіне жіберу керек, бұл Орталық банктің өз алтын-валюта қорынан айрылып қалмауы үшін қажет»,− деді ол.
Кремльдік сарапшылар әлі де жұртшы­лық­ты сабасына түсіруге тырысып бағуда. Олар валютаның девальвациясы инфля­ция­ға ұласпайды деген пікір айтуда. Инфля­цияның ресми көрсеткіші әзірге 9 пайыздан­ ас­пайды. Бірақ инфляциядан үш-төрт есе құлдыраған валюта бағамы ресейлік эконо­ми­каның дамуына тежегіш болатыны онсыз да түсінікті. Ресейлік қаржыгерлердің ендігі міндеті бір сарынды инфляция мен ұлттық валютаның құлдырауы жағдайында экономикалық өсімді сақтап қалу.

Ал кейбір басылымдар «Рубль бағамы бұдан әрі құлдыраса, орыс қоғамы қайтадан бас көтеріп, тағы шеру жасай ма?» деген сұраққа жауап іздей бастады. Бірақ бұл әзірге риторикалық сұрақ күйінде қалып отыр. Ресей Орталық банкі, шамасы, келесі жылдың басында рубльдің курсын еркіне жіберуге мәжбүр болмақ.

Гүлбиғаш ОМАР
Просмотров материала: 2 239

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 211 600 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 211 269 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 210 760 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 210 803 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 211 175 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 270 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 303 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 612 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 260 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 340 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 515 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 739 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 814 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 515 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 388 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 236 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 620 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 350 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 752 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 561 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 397 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 240 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 096 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 437 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 322 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 805 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 041 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 148 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 391 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 778 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 129 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 072 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 207 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 148 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 367 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 520 Просмотров





Опрос


«    Август 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31