17 декабря 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Елімізде айықтырғыш мекемелер жетіспейді

08 декабрь 2016, 10:38
Елімізде айықтырғыш мекемелер жетіспейді Ішімдікке сылқия тойып, елдің берекесін алғандарды полиция қайда апарарын білмей жүр. Айықтырғыштар санаулы-ақ. Ал қайбір қалаларда-- ол атымен жоқ. Полиция бөлімшесіне апарса, заң бойынша 3 сағаттан соң қайтару керек. Бірақ үш сағаттың ішінде айығып үлгермегендер ---үйіне жіберілген соң тыныштала қалуы екіталай. Біреуі отбасының ойранын шығарады, біреулері басқа да ауыр қылмыс жасайды. Былай тартсаң арба сынады, алай тартсаң өгіз өледінің кері. Ішкі істер министрлігі ішкіштердің мәселесін қалай шешпек? Мас кісі өзі үшін де, өзге үшін де қауіпті. Көшеде жүрсе, кім көрінгенге ұрынады. Ал үйде айқай-шу көтереді. Мұндай да, көршінің бірі полиция шақырады. Әлгі әумесердің қолын қайырып, алып кетер... Бірақ қайда?

Қалмұханбет Қасымов, ҚР Ішкі Істер министрі:

Айықтырғыштардың саны өте аз. Қазір бар-жоғы 31 ғана мекеме бар. Ал алыс ауыл-аудандарда ондай атымен жоқ. Амал жоқ, мас кісілерді полиция учаскесіне апарады. Бірақ ол жерде ұзақ ұстауға болмайды. Әйтпесе, түрлі келеңсіздіктер туындайды. Мас адам балағаттап, жағдайды ушықтыруы мүмкін. Былайша айтқанда, жоқ жерден қылмысқа итермелейтін жағдай тудырамыз.

Мас кісіні полиция бекетіне апарғанның өзінде, ол жерде адамды ары кетсе, 3-ақ сағат ұстауға болады. Мұнан кейін, айыптыны үйіне қайтару керек. Заң солай дейді. Мұншама аз уақытта, адам айығып үлгермейді. Есесіне, ызасы артады. Ашуы еселенеді. «Ұстатып жібердің» деп, әйел-баласына шүйлүгуі мүмкін. Бұл бер жағы. Сарапшылар, қылмыстардың 10 пайызын осы мас адамдар жасайды дейді. Ішіп ап, ұрлық жасап, зорлық қылды деген айыппен биыл 14 мың кісі ұсталған. Ал, айқай-шу жасап, төбелес ұйымдастырғандардың саны 200 мыңнан асып кетеді. Не істеу керек? Қисалаң басқанды – 3 емес, 48 сағатқа қамап тастау керек,-дейтін ұсыныстар айтылып жатыр.

Марат Тоғжанов - Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары:

Қазір ондай Заң қаралып жатыр. Сондықтан да оны өзгертетін болса, бүгінгі күні әрбір облыстан, ІІМ-нен ұсыныстар түсіп жатыр. Егер 48 сағатқа дейін ұзартатын болса, онда әлдеқайда жеңілдік табылар еді.

Бұл ұсыныс заңға еніп жатса, айықтырғыш мекемелерді көбейту керек болады. Себебі - қазіргі мекемелердің саны шектеулі әрі іші тар. Ішкі істер министрлігі - ішкіштердің мәселесі тек, осы оқшаулаушы орталықтардың санын ұлғайтумен шешіледі,-деп отыр. Мұндай мекеменің санын көбейтуге ұмтылыс - ұрттап қоятындардың көбейгенін білдірсе керек.

Гауһар Бектаева – медициналық айықтырғыш мекемесінің қызметкері:

Айықтырғыш мекемеге бір күнде осылай 25-30 адам түседі. Жас мөлшерлері де әртүрлі. 20 жастан бастап 65-ке дейінгі кісілер түседі. Әлеуметтік жағдайлары да әртүрлі.

Бұл мекемеге, бір жылда 40 мыңға жуық астаналық түнеп шығады екен. Ал, Республика масштабына салсақ, миллионның ар жақ, бер жағы болады. Бірақ, бұл мәліметтер айықтырғыштар санын көбейтуге себеп болмауы керек. Денсаулық сақтау саласының өкілдері, осындай уәж айтып отыр.

Руслан Әділханов – медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің сарапшысы:

Соңғы мәліметтерге сүйенсек, елдегі бар айықтырғыш мекемелер толық күшімен жұмыс істеп тұрған жоқ. Бар-жоғы 60-ақ пайыз қамтылып отыр. Олай болса, тағы да жаңа ғимараттар соғудың қажеті жоқ. Екінші себеп. 1 адамның айығуына бюджеттен 4 мың теңге шығындалады. Ал жылға салсақ, яғни, 2015 жылы қазақстандықтарды мастықтан айық¬тыру үшін 1 миллиард теңгеге жуық қа¬ражат кеткен. Тағы да салынатын айықтырғыштар қандай шығын әкелерін есептеңіз.

КСМ: Мамандар, айықтырғыш мекемеде түнеп шығуды ақылы ету керек,-дейді. Сол кезде, бәлкім ішкіштердің саны азаяр деген үміт-ниеті бар. Мейлі ақылы, мейлі бюджеттен төленсін, қысқасы мас адамды көшеде қалдыруға болмайды. Әлгінде айтқанымыздай, не ол біреуге ұрынады, не мұны біреу ұрады.

Zakon.kz
Просмотров материала: 1 291

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 179 671 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 179 174 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 178 763 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 178 816 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 179 121 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 487 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 10 620 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 10 853 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 15 018 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 15 174 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 23 787 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 062 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 441 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 268 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 096 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 300 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 357 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 037 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 432 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 152 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 157 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 985 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 826 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 091 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 026 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 541 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 062 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 859 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 129 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 494 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 875 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 826 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 880 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 840 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 070 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 214 Просмотров





Опрос


«    Декабрь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031