25 апреля 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Ләйлә Сұлтанқызы: Пәк қыздарды бұл қоғам баяғыда «қызыл кітапқа» енгізіп жіберген

07 декабрь 2016, 15:32
Ләйлә Сұлтанқызы: Пәк қыздарды бұл қоғам баяғыда «қызыл кітапқа» енгізіп жіберген Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы “ешкіммен жүрмеген, ешкіммен сүйіспеген” періштедей пәк қыз туралы әңгіме жазып, қоғамдағы өзекті мәселелердің бірін көтерді. Сұлтанқызы бұл жазбасын пәктігі, тазалығы үшін өзін өзгелерден кем санайтын қыздарға арнады. Тележүргізушінің әңгімесі көзі қарақты оқырманның жанын тебірентпей қоймады.

Назарларыңызға тележүргізушінің жеке блогында жарияланған “Мен – монашкамын” атты әңгімесін ұсынамыз.

«Мен – монашкамын. Бұл – бір жігіттің маған қойып берген есімі. Алғаш естігенде ызадан жарылып, көзім жасқа толған…»

23 жастағы қыздың өз хатында жазған қазіргі «қайғысы» осы. Әлі күнге дейін бір де бір жігітпен жүрмегенін қалыпты жағдай ма дейді.

Қыз баланы қырық үйден тыйып өсірген халықпыз ғой. Өзім де сондай (қатаң) тәрбиеден тәлім алғам. Орынсыз күлкі, артық қимыл көрсек, автоматты түрде әжеміздің қызыл шеңбер ішіндегі «ТӘЙТ!» дегені көз алдымызға келеді. Бірақ бұдан біз еш қорлық-қиянат көргеніміз жоқ. Біздің идеал, біздің ұран: «Есті қыз етегін қымтап жүреді» болған. Алайда қазір қоғам мұндайларға қол шошайта күліп қарайды. Мен әлі ешкіммен жүрмегем, сүйіспегем деген ақталуға алатын жауап – «А че, у тебя что-то не так?!»

Бұл жазбамды өзінің мәртебесін ақаумен шатастырып жүрген қыздарға арнаймын. Иә, заманымыз түлкі болған ғасырда адалдық, тазалық, пәктік – үлкен мәртебе. Жоғарыдағы хаттың иесі: «Көксегенім – «жарыңа адал бол!» – деп табыстап кеткен анамның абыройын ақтау еді. Бірақ оның осыншама ауыр боларын білмеппін. Мен қазір өзімнің монашка екенімді мойындауға ұялам…», – дейді. Әрбір адамның басында көзге көрінбейтін тәжі бар. Ол өзіне ғана шақ, өзіне ғана жарасымды. Біреудің тәжін біреу алып кие алмайды. Керек десеңіз, оның салмағы, оның түсі, оның қымбаттылығы, бағасы, тастары және артықшылығы мен кемшілігі өзіне ғана мәлім, иесіне ғана аян. Әйел мықты болған сайын, басындағы тәжі де мықты, салмақты бола түседі. Кейде оны ауырлығынан көтеріп жүру мүмкін емес болады. Етке батады, бас сүйегін қысады, тіпті, жарақат салып, тер мен қанды кезектестіре аққызады. Рас қой. Бірақ оның ауырлығы мен жанға батқан жарасын өзіңіз ғана көресіз…

Бұл кейіпкерімізде де дәл осы жағдай. Өз мәртебесі, өз тәжі жанын қысып, басына ауыртпашылық танытуда. Қол шошайта күлген көптің қалауы – сол тәжінің басынан түскені, шешілгені. Неге?! Себебі, өзіңде жоққа алакөз болу қанымызда бар қасиет қой. Абырой үшін, ар үшін алысу – матадордың еңбегімен тең. Тореадордың қолындағы қызыл матасы – ар-намысы, абыройы. Қара бұқаның көздегені – соның парша-паршасын шығару, жоқ қылу. Шайқас па? – Шайқас. Өмірде де дәл солай. Ал рухани сау, ақыл-есі дұрыс азаматтар басынан тәжі бір сәтке де түспеген, ешкім оны құлата алмаған ханшайымдарын іздейді. Енді ойланыңыз?! Көптің ойы мен күлгені маңызды ма?! Жоқ, әлде, ханзадаңыздың ханшайымы болып қалған артығырақ па?! Шешім әрқашан да сіздікі. Менің тарапымнан ұсыныс қана болады.

Қазір жігіттер: «қоғамда бұзылған қыздар көп, сондықтан үйленуге қорқамыз», – дейді. Осы тұста хазіреті Мәуленаның мына сөзін айтқым келеді: «Кіммен қайда баратыныңа мән бер. Бұлбұл құс гүлге апарды, қарға күлге апарады». Үйлену процесін жоғарыдағы себеппен тоқтатып жүрген жігіттерге айтарым, жақсы жарды жақсы ортадан іздеңіздер.

Осы жазбаға түрткі болған қыздарды (ақ, пәк, адал) бұл қоғам баяғыда қызыл кітапқа енгізіп жіберген. Менің айтқанымды мифке балайтындар да бар болар. Бірақ менің айналамда «қызыл кітапқа енген» қыздар бар және олар ауру не болмаса кеміс емес. Тек өздерін кім көрінгенге емес, жаны қалаған жалғызына арнағысы келеді. Бір кеште танысқан серісімен жабысып кетуді емес, ақылмен, махаббатпен табысуды мақсат етеді.

P.S. Аққа құдай жақ. Мен арамызда мұндай арулардың көптігіне сенемін. Абырой мен арды атақтан, ақшадан биік қоятын бұрымдылардың барына сенемін. Ең бастысы – бұл тәрбие жібінің үзілмей, жалғасарына, жойылмай, сақталарына сенемін. Ал хат иесіне айтарым, басыңыздағы тәжіңізді құлатпай, сақтап, еңсеңізді тік көтеріп жүріңіз. Сіздей сұлуларға қол жеткізуді арман етіп және арманының орындаларына күмәнмен қарап жүргендер қаншама?! Себебі, қоғам сіз сияқтыларды келмес күннің елесіне айналдырып үлгерген. Ал Төреғали сияқты серілер «еріндері кеседен, басқа жерге тимеген» қыздарды іздейді. Көңіл-күйіңіз құлазығанда осы әнді қосып қойып, жақсылап билеп алыңыз. Көтеріліп қаласыз, шын сөзім.

Жазбамды салмақты қортындылайын. «Нұр» сүресінде «Сұм әйелдер сұм ерлерге, сұм ерлер сұм әйелдерге, сондай-ақ игі әйелдер игі ерлерге, игі ерлер игі әйелдерге лайық. Бұлар, олардың айтқандарынан ақ. Олар үшін жарылқау әрі көркем несібе бар», – делінген. Сондықтан, адал, ақ жарға жолығу үшін, өзіңіз де соған лайықты бола біліңіз!

Stan.kz
Просмотров материала: 2 265

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 197 104 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 196 709 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 196 215 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 196 265 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 196 633 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 475 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 561 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 860 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 16 372 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 16 465 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 739 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 522 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 608 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 404 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 253 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 755 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 490 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 186 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 584 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 375 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 282 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 117 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 966 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 274 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 185 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 684 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 528 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 028 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 271 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 647 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 023 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 967 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 064 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 027 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 224 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 380 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930