3 января 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



"Орыс тілінің өктемдігін тек қазақы намыс жеңе алады"

05 декабрь 2016, 16:06
"Орыс тілінің өктемдігін тек қазақы намыс жеңе алады" Осыдан бір-екі жыл бұрын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев — қазақ тілі Қазақстан халқын топтастыратын күш болу керек деген еді. Бірақ, өкінішке қарай, бұл тамаша бастама әлі күнге дейін сөз күйінде қалып отыр. Неге?

Осы және қазақ тілінің қазіргі жәй-күйіне қатысты басқа сұрақтарға Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің профессоры, философия ғылымының докторы Амангелді Айталы жауап береді.

— Ең алдымен барды бар деп айтайық. Қазақ тілінің тәуелсіздік жылдарында білім, бұқаралық ақпарат құралдары, мәдениет, өнер, экономика, ғылым, саясат, қорғаныс салаларында өрісі кеңейді. Қазақ тілі дін саласында да кең өріс алды. Тек қазақ тілінде бірнеше телеарналар жұмыс жасайды, терминология саласында жүйелі жұмыстар жалғасуда. Қазақ тілі ғылым тіліне де айнала бастады, ол тілде диссертациялар қорғалады. Қазақ тілі басқа тілдерден, Еуропа, әсіресе, ағылшын, сондай-ақ араб, түркі тілдерінен жаңа сөздермен толықты.

1991-1992 оқу жылында қазақ тілінде барлық оқушылардың 28 пайызы оқыса, қазір бұл көрсеткіш 70 пайызға жетті. 2016 жылы 1 сыныпқа барған оқушылардың 89 пайызы қазақ мектебін таңдапты. («Ана тілі», №40, 6-12 қазан, 2016 жыл.)

Бірақ 2013 жылғы 18-сәуірде Елбасы Жарлығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының 2020 жылға дейінгі даму тұжырымдамасында халықты біріктіруші фактордың кепілі болып табылатын мемлекеттік тілді жекелеген этнос өкілдерінің төмен деңгейде білуіне, осының салдарынан мемлекеттік сәйкестік пен ұлттық бірлікті нығайту тетіктерінің әлсіреуіне аса назар аударылған.

Мұның өзіндік себептері бар.

— Соларды атап өтсеңіз…

— Ең алдымен, тарихи және демографиялық факторларға назар аударайық

Қазақтар да орыстандыру саясатының өкпе тұсында тұрды. Ресей империясында тұңғыш халық санағы 1897 жылы жүргізілген, Түркістан өлкесін есептемегенде, қазақтар саны 81,9 пайызды, орыстар 10,15 пайызды құраған, қалғаны басқа да ұлт өкілдері болған.

Одан әрі 1959 жылға дейін қазақтардың үлесі өз елінде азая береді: 1920 жыл -58,5 пайыз , 1939 жыл – 37,8 пайыз, 1959 жыл -30 пайыз болған.

1970 жылдан бастап, қазақтардың үлес салмағы аз да болса өсе бастап, 32,5 пайызын құрайды, 1979 жылы бұл көрсеткіш 35,5 пайызға жеткен.

1991 жылы тәуелсіздік алған тұста қазақтар ел халқының небәрі 40 пайызын құрады.

Он адамның төртеуі ғана қазақ болды, сол төрт қазақтың біреуі қазақ тілін жөнді білмеді.

Қазақстан орыстанған, славянданған, христиан әлемінің жалғасы болды. Сондықтан қазақтарды орысқол деп өзбек, тәжік, түрікмендермен салыстыру орынсыз.

Біздің бірнеше ұрпақтың тілімен бірге рухы да орыстанды.

— Ал қазіргі жағдайды қалай бағалауға болады?

— 2009 жылғы санақ нәтижесіне қарасақ, жағдай жақсарған сыңайлы, қазақтардың 98,3 пайызы ауызекі сөзді түсінеді, 95,4 пайызы қазақша еркін оқиды, 93,2 пайызы еркін жазады. Бұл деректер де сенімсіздік туғызады және өмірде олар дәлелдене бермейді.

Көптеген ата-аналар, әсіресе, жастар, тілі шықпаған балаларына дейін өздері ана тілін шала білсе де, қазақ тілін біледі деп жаздырған. Бұл жерде ұлттық психологиялық фактордың да ықпалы бар, ұялғаннан ана тілімді білем дегендер көп.

Сондықтан да қазақстандық орыс диаспорасы өкілдерінің 25,3 пайызы қазақ тілін түсінеді, 8,8 пайызы оқи алады, 6,3 пайызы жазады дегенде күдік туғызады. Соңғы кезде орыстар ағылшын тіліне артықшылық бере бастаған: бұл тілді олардың 12,6 пайызы түсінеді, 7,8 пайызы еркін оқиды, 5,6 пайызы жазады.

Екінші бір үлкен фактор —

Еліміздегі диаспоралардың өкілдері әлі де өздерінің, не ұрпақтарының тарихи отандарына қоныс аударғанын қалайды.

Мәселен, «Сіз, өз балаларыңыздың болашағын қазақ елімен байланыстырасыз ба?» — деген сауалға, қазақтардың 96,9 пайызы, орыстардың 53,5 пайызы, басқа диаспора өкілдерінің 78,5 пайызы -«иә» деп жауап берген.

Яғни, орыстардың 46,5 пайызы ұрпақтарының болашағын тарихи отанымен, яғни, Ресеймен немесе басқа да елдермен байланыстырады.

Демократиялық қоғамда қолайлы ел, қоныс, жұмыс таңдау — әр жеке тұлғаның, отбасының құқы. Олар үшін Қазақстан әлі де Отан емес, сондықтан мемлекеттік тілді меңгеруге талпыныс жоқ.

— Қазақ тіліне қажеттілікті тудыру, оған деген сұранысты арттыру үшін не істеу керек?

— Ең бастысы, қазақтардың шынайы ұлттық намысы төмен.

«Қазақ аман болса, қазақ тілі өлмейді» дегенмен келісе беру қиын. Қазақ аман болсын, бірақ орысша сөйлеп, жазып кетпеуіне кепілдік жоқ.

Бүгін орыс тілінің үстемдігі қазақтардың оны қазақ тілінен жоғары деңгейде меңгермеуі салдарынан орын алып отыр. Оны диаспора өкілдері де жақсы біліп отыр.

«Читайте именно с юмором любые языковые указы и законопроекты, так как эта писанина (разрабатываемая, кстати, первично на русском языке, с последующим переводом на казахский) из области фантастики. Говорите и пишите, как и раньше, на великом могучем и главное естественно (!) господствующем русском языке. Его не под силу никому реально запретить», — деді бір басылым.

Осындай өктемдікті тек қазақтың намысы жеңеді.

Қазақтың тілін, бір жағынан, ұлттың намысы қамшыласа, екінші жағынан, мемлекет қолдауы да мықты болуы керек. Қазақ тіліне сұраныс туғызбай болмайды. Қазақтардың басым көпшілігі тұратын Атырау, Қызылорда тағы басқа облыстарда аудармашыларсыз жұмыс жасайтын мүмкіндік бар.

Жұмысқа қабылданғанда, лауазымды қызметке тағайындалғанда қазақ тілінің, басқа ұлт өкілдеріне емес, қазақтарға міндетті болмауы бірқатар ата-аналар мен жастар арасында қазақ тілін білудің қажеттігі туралы әртүрлі ой туғызып отыр.

Кадрларды іріктеу мен тағайындау мәселесінде олардың мемлекеттік тілді меңгеруі мен елдік ұстанымына назар аударудың орны бөлек.

Демографиялық үрдіс те бүгін қазаққа жұмыс жасап отыр. Орыс халқы 1989 жылы 37,4 пайыз, 1999 жылы – 30 пайыз, 2009 жылы – 23,7 пайызды құрады. Бұл табиғи өсімге және басқа елдерге қоныс аударуға байланысты.

Ертең елімізде қазақтар 75-80 пайызды құрап, бірақ орысша сөйлеп, іс қағаздарын орысша толтырсақ, ел ішінен ши шығып кетуі мүмкін.

Сондықтан, бүгін барлық мүдделерді үйлестіретін тілдік, ұлттық салиқалы, саяси идеология қажет.

365 Info, Кайрат Матреков
Просмотров материала: 2 499

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 182 093 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 181 607 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 181 186 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 181 239 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 181 552 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 579 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 10 706 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 10 952 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 15 159 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 15 301 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 23 887 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 117 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 457 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 283 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 108 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 328 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 368 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 050 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 444 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 174 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 168 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 998 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 834 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 108 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 046 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 552 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 084 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 870 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 137 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 507 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 891 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 837 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 896 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 853 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 086 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 222 Просмотров





Опрос


«    Январь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031