22 апреля 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Дария Жүсіп, актриса: Бір сөйлескеннен-ақ ағай жақындарымның тілін тапты

10 ноябрь 2016, 13:11
Дария Жүсіп, актриса: Бір сөйлескеннен-ақ ағай жақындарымның тілін тапты — Естуімше, студент кезіңізде топ ішіндегі ең сұлу қыз болған екенсіз. Осы орайда, сізге көз тастап, сөз салушы замандастарыңыздың көп болғаны да анық. Алайда, «Махаббат жас талға-майды» деген емес пе? Бұл сіздің өмі-ріңізде де көрініс тапты. Неліктен Тұңғышбай ағаны өмірлік жар ретінде таңдадыңыз?

— Өнер академиясында оқып жүргенімде ағай бізге 4 жыл сабақ берді. Содан кейін театрда бір-екі жыл әріптес болдық. Студент кезімде сабақты жақсы оқыдым, академияны қызыл дипломмен бітірдім. Кез келген ұстаз үлгілі оқушыны өзіне жақын тартады ғой. Мұны мен өз тәжірибеме сүйеніп айтып отырмын. Шет тілдер университетін бітіргеннен кейін бір-екі жылдай мектепте, институтта сабақ бергем. Студент кезімде ағайдың маған деген жылы көзқарасын байқайтынмын. Негізінде, ағай топтағы барлық қызға сыйластықпен қарайтын. Біз де ағайды қатты құрметтейтінбіз. Бір-бірімізге деген сезіміміз бір-ақ күнде пайда бола салған жоқ. Бірте-бірте, уақыт өте бір-бірімізді тани, араласа келе үлкен сезімдерге ие болдық. Қиындықтар да болмай қалған жоқ. Ағайға тұрмысқа шығатынымды естігенде анам бірден жетіп келді. Туыстарым өте ауыр қабылдады. Ағай анаммен және әкемнің қарындасымен оңаша, ұзақ сөйлесті. Не айтқанын білмеймін, әйтеуір, ағай тілдерін тапты. Академияны бітіргеннен кейін 2 жылдан соң отбасын құрдық.

Жалпы, Тұңғышбайдай азаматқа жар болуым таңдаудан ғана емес, тағдырдан деп білемін. Әйтеуір, мұны сөзбен жеткізіп айта алмаймын…

— Жас айырмашылықтарыңыз қанша?

— 24 жас.

— Тұңғышбай Жаманқұлов сынды өнерде өз орнын тапқан, елге сыйлы азаматты жас бойжеткеннің сұлулығынан бөлек қандай қасиеттері тәнті етті екен деген ой да жоқ емес…

— Оны ағайдан сұрау керек шығар. Негізінде, үй шаруасына пысықпын. Анам ес білгенімнен еңбекке араластырып өсірді. Өздігімнен тамақ істеуді де ерте бастадым. Бұл сұрағыңыздың жауабы ретінде, ағай ең алдымен пысықтығыма қызыққан шығар деп айтқым келеді.

Дария Жүсіп, актриса: Бір сөйлескеннен-ақ ағай жақындарымның тілін тапты

— Тұңғышбай ағаны қайын жұртына қандай күйеубала деп айтуға болады?

— Ағайды жақындарымның бәрі жақсы көреді. Туысқандарыммен де өте жақсы қарым-қатынаста. Әйтеуір, осы күнге дейін араларында қатты сөз болған емес. Ағай менің анамды өз анасындай, туыстарымды өз туыстарындай көреді.

— «Үйлену оңай, үй болу қиын» демекші, алғашқы отбасылық жылдары қандай қиындықтар болды? Әйел адамға отбасылық өмірде ең алдымен қандай қасиеттер қажет?

— Әрине, отбасылық өмір қиындықсыз болмайды. Айналадағы жұрттың қаншама жел сөзі де болды. Алайда, солардың бәрі мен үшін аса қиын болған жоқ. Себебі, ағай маған көп жерлерде кешіріммен қарады. Бұл орайда, «Ағай мені қатты жақсы көрді» деу тым қарапайым айтыла салған сөз сықылды болып қалады. Ол кісі маған басқаша сезіммен қарай білді. Мінезінің жұмсақтығынан ба, әйтеуір, бір-екі жылда барлық қиындықтардан өтіп шықтық. Негізінде, әйел адамға ең алдымен жинақылық керек. Бүгін жасалатын тірлікті ертеңге қалдырмаған жөн. Балаларымның сабағын да көзімнен таса қылмай, күнделікті қадағалап отырамын. Өмір күрес қой. Қиындықтардан еш қашып құтыла алмайсың. Сол күрестерде шыдамдылық таныта білу керек. Бастысы – ерлі-зайыптылар бір-біріне көңіл қалдыратын ауыр сөз айтпаса, араларында өкпе де, реніш те болмайды.

— Өмірлік серігі ретінде Тұңғышбай ағаның қандай қасиеттерін ерекше бағалайсыз?

— Ағай — өте балажан кісі. Жауапкершілігі мол. Балалардың да, менің де көңілімді табуға тырысады. «Мен – бақытты әйелмін» десем, жалпылама айтылған сөз сықылды болып қалады. Негізінде, отбасылық өмірдің қыр-сырын жұртқа жария еткенді қаламаймын. Өз жұмбағы болғанын жақсы көремін. Кей әйелдер «Мен сондай кереметпін, күйеуіме күн сайын басымды иіп отыруға дайынмын» деп жатады. Өзім ондай сөздерді айта алмаймын. Бастысы – ағайды қатты сыйлаймын. Шамасы жеткенше бар жағдайды жасап отыр.

— Тұңғышбай ағаны үйде де ағай деп атайсыз ба?

— Ағай деп атауға студент кезімнен үйреніп қалғанмын. Жұмыста, жұртпен әңгімелескенде ағай деп сөйлеймін. Өзі байқамайды-ау деймін, ештеңе демейді. Ал үйде «Көкем» деп айтамын.

Дария Жүсіп, актриса: Бір сөйлескеннен-ақ ағай жақындарымның тілін тапты

— Әйел адам жарының әрдайым өзіне көңіл бөліп, жылы сөз айтып отырғанын жақсы көреді ғой. Тұңғышбай аға сізге жиі-жиі сыйлық жасап тұра ма?

— Ағай тосын сыйлық жасауды біле бермейді. Дегенмен, менің қалағанымды алып береді. Әшекей, не киім болсын. Ұнатқан затымды 2-3 ай бұрын ағайға айтып қоямын. «Алып бермеймін» деп айтпайды. «Кішкене күте тұр» дейтіні бар. Кейін өзі ертіп апарып, керек затымды алып береді. Жиі-жиі гүл сыйлап тұрады.

— Бір басылымнан Тұңғышбай ағаның алдыңғы жұбайынан туған балалары сізді аналарындай көретінін оқығанмын. Бұл сіздің пейіліңіздің кеңдігінен бе, әлде жарыңыздың көңіліне қарағандықтан ба?

— Екеуі де бар. Бастапқыда арамызда түсініспеушіліктер болды. Ол – қалыпты құбылыс. Уақыт өте келе тіл табысып кеттік. Бүгінде жақсы араласып тұрамыз.
Просмотров материала: 7 904

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 196 603 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 196 204 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 195 712 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 195 762 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 196 123 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 443 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 535 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 830 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 16 326 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 16 427 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 712 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 508 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 605 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 403 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 251 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 745 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 488 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 184 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 580 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 363 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 281 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 114 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 965 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 268 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 178 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 682 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 522 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 018 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 268 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 645 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 021 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 964 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 059 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 021 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 219 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 377 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930