11 апреля 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



«Америкалық арман» қуған қазақтар

27 октябрь 2014, 19:25
«Америкалық арман» қуған қазақтар Шетел асқандардың жағдайы туралы ойланып көрдіңіз бе? «Америкалық арманды» жүзеге асырып жүргендер кімдер? Ол қандай жұмыс жасап, не өзге елде не күй кешіп жүр? Осы туралы «Esquire Kazakhstan» басылымының фото-тілшісі Қанат Бейсекеев оқырмандармен бөліскен екен.

Esquire Kazakhstan

«АҚШ-та жүріп Қазақстанды сағынып, қандастарыңызды іздегіңіз келсе, Нью-Йорктегі атақты Apple дүкені орналасқан БесіншіАвенюге барыңыз. Ол жерде велосипед теуіп жүрген жастарды кездестіресіз. Біреуінен өз жерлесіңізді сұрастырсаңыз, міндетті түрде табуыңыз мүмкін. Бөтен елде заңсыз дегені болмаса, олар элиталы америкалықтардың қоғамында жүрген қазақтар. Олар білімді, өмір сүруге деген құштарлықтары бар. Олар секілді білімді де эрудитті, хипстерлер және креаклалар деп аталып жүрген жастар Алматының қымбат кофеханаларында ас ішеді. Ал, Нью-Йоркте бәрі басқаша. Дәл сондай жастар заңсыз жұмысшылар боп саналады. Кешесі мен бүгіні белгісіз жандар. Және мұндай бауырластарымыз аз емес көрінеді"- дейді Қанат Бейсекеев.

"Мен кезіктірген жастарды соншалық мақсатты деп атауға келмейді. Десе де, олардың жат жерде қалып, заңсыз түрде жүруге қорықпауы – ерлік емей немене? Америкада заңсыз өмір сүру үшін қым-қуыт тіршіліктен қорықпайтын немесе «маған бәрібір» деген ұстанымда жүруі керек. Біздің қазақ жастарында қай ұстаным басым екенін қайдам, бірақ олар өздерін жалғыз сезінетін секілді әрі тура жолынан адасып кеткендей көрінеді.

Қазақстаннан АҚШ-қа бару үшін де қоғамдық дәрежеңіз бен біліміңіз болу керек. Себебі, екінің бірі ағылшын тіліп меңгеріп, уақытша еңбек визасын ала бермейді. Астанадағы құрылысшының ойына Нью-Йоркке бару кіріп те шықпасы анық. Алайда, осы қиындықтарды жеңіп, шетел асып кеткен қазақтардың ол жаққа барғасын өз деңгейіне лайықсыз күй кешуі өкінішті жағдай. Визасының уақыты өтіп кетуі, дер кезінде создыруға мүмкіндік таба алмауы америкаға барған жастардың соры болуы мүмкін.

Ағылшынға жүйрік, білімді, сыпайы жастарды көбіне еуропалықтар жұмысқа алады. Әсіресе, Кеңес заманымен байланысты бай-ауқаттылар көптеп жалдайтынға ұқсайды. Мәселен, сыпайы, білімді жастарды даяшы ретінде алу бір жағы кәсіби қарым-қатынасты қамтамасыз етсе, бір жағы жергілікті америкалықтарға қарағанда арзанға түседі.

Дәл осындай жолмен нәпақысын тауып, әр жұма сайын даяшы болып жұмыс істейтін Сәкен есімді азамат өз жағдайын айтып берді: «Даяшылық жұмысқа тапсырыстар тоқтаусыз келеді. Заңсыз өмір сүрген 3 жылымда бір рет те тоқтап қалған емеспін» дейді ол. Алматыда Сәкен сату бөлімінің менеджері қызметін атқарған. Ол жерде тапқан табысынан шыққан шығыны көп болыпты. Үйінен түскі асын арқалап келіп, 50 теңгемен автобуста жүрсе де, ақша шіркін жеткізбей қойыпты. Ал қазірде бір жұмада тапқан табысының өзі оны бір ай қамтамасыз етеді, тіпті ата-анасына салып жіберуге қалады екен.

Бүгінде ол Бруклин, Куинс, Манхеттен және Ривердейл аймақтарындағы еврей-хасидтерге қызмет көрсетеді. Жұмадан өзге күндері Сәкен кино қарайды, интернетте отырады және қаланы аралап, суретке түсіреді", -дейді мақала автор.

Сонымен бірге, Америкада адасып жүрген тағы бірнеге қазақтың әңгімесін мысалға келтіреді.

Ислам. АҚШ-та заңсыз тұрып жатқанына 5жыл болып қалды. Алғаш рет бұл жерлерге жазғы демалысында келген. Кейін Алматыға қайта оралып, жарты жылдан соң университетін аяқтайды. Бірақ жұмыс таба алмайды. Жұмысқа тұру үшін құқық қорғау органдарының $15 000 сұраған. Түрлі қалаларда да, көшеде де, гараж, тіпті бір төсек жалдап тұрған күндері де болған. Ашынған Ислам өзіне қол жұмсауға да бекінген. Бірақ, уақыт өте келе шаруасы оңалып, Чикагоға табан тірейді. Ол жерде алысқа қатынайтын жүргізуші болып жұмысқа тұрады.

Ануар (есімін өзгертуді сұрады) . Ануардық заңсыз жүргеніне 5 жыл. Оның ойынша, елге оралса, одан танымал актер шығар еді. Ол өте талантты жігіт. Бірақ Ануардың Алматыға қайтқысы жоқ. Оның бар арманы – Голливуд. Әзірге Манхеттенде жапон мейрамханасында даяшы болып істейді.

Серік. АҚШ-та құжатсыз сенделгеніне 4 жыл. Алматыда түнгі клубта жұмыс істеген, Нью-Йоркте де сол жұмыс – барда бармен болып істейді.

"Америкада «ерлерге қарағанда өздерін еркін ұстайтындар- әйелдер. Біздің қыздардың қабілеті мықты. Одан өзге, ағылшынды жақсы білетін әрі түрі келісті бойжеткен далада қалмайды. Кем дегенде даяшы бола алады», - дейді Қанат Бейсекеев.

"Мұндай жұмыстардың шегінен шыққан қаракөздеріміз де бар. Әлия есімді танысым кеңсеге жұмысқа тұрып алыпты. Дайындық курстарына да барып жүрген ол, алдағы уақытта Алматыда қалған күйеуі мен баласын көшіріп алып, магистратураға түсетін ойы бар екен. Кешкі уақыттар мен демалыс күндері Әлия Нью-Йорктегі 42-көшедегі тай ресторанында даяшы болып жұмыс атқарады», -дейді суретші.

Расында, өзіміздің елді өзгеден қор көріп, шетел асып кететін жастардың не түрлі күй кешіп жүргенін жиі құлағымыз шалып қалады. Оқу бойынша баруы өз алдына, жұмыс пен арман қуып кеткен жастардың өмірі әрқашан сәтті бола бермейді. Суретші Қанат Бейсекеевтің бұл материал тек бір ғана мысал. Әлемнің әр түкпірінде тарыдай шашырап жүрген қанша қазақ баласы бар? Бастысы, қайда жүрсе де аман жүрсін!

Әзірлеген: Жадыра Аққайыр
Просмотров материала: 3 205

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 194 953 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 194 547 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 194 057 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 194 114 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 194 464 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 349 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 443 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 736 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 16 188 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 16 292 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 627 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 467 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 582 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 392 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 231 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 713 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 474 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 166 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 566 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 341 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 266 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 102 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 947 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 247 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 165 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 668 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 478 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 998 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 253 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 629 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 006 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 949 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 035 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 000 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 203 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 360 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930