17 августа 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Мәдени нысандар жекешелендіріле ме?

10 ноябрь 2014, 17:08
Мәдени нысандар жекешелендіріле ме? Еліміздегі бірде-бір мұражай, бірде-бір галерея, бірде-бір театр жекешелендірілетін нысандардың тізіміне енгізілген жоқ,- деп мәлімдеді жуырда Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасы Эдуард Өтепов. Оның айтуынша, Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің жанынан құрылған комиссияның шешімімен 25 мәдени мекеме жекешелендірілетін нысандар тізімінен алынып тасталған.

Абай.kz

«Бұл мәселені құзырлы комитеттің жанынан құрылған комиссия аса ыждаһаттылықпен қарады. Өйткен себебі, бұрынғы тізімге шығармашылық және мәдениет үйлері енгізілген болатын. 31-ші қазандағы отырысында аталған комиссия осы мәселені егжей-тегжейлі қарастырып, 25 нысанды жекешелендіру тізімінен сызып тастады. Демек, олар сатуға шығарылмайды деген сөз. Оларға мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында қандай да көмек берілуі мүмкін. Бірақ бұл мәселе кейінге қалдырылды»,- деп мәлімдеді Эдуард Өтепов.

Төрағаның айтуынша, Қаржы министрлігі Мәдениет және спорт министрлігімен бірлесе отырып, мәдени нысандарды тиімді басқару саласындағы мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің халықаралық тәжірибесін зерттеуге кірісіпті. Алайда, әлемдік тәжірибеде де бұл бағытта бірыңғай саясат жүргізілмейтін көрінеді. «Біз мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында мәдени мекемелер қалай жұмыс істейтінін білмек болып, көптеген шетелдік әдебиеттерді, статистикалық сандарды, ақпараттарды шолып шықтық. Бірақ аталған нысандарды басқаруға қатысты бірыңғай саясат, кеңес деген жоқ екен. Барлық елдердегі мәселе біреу ғана: қаржыландырудың жеткіліксіздігі. Егер бюджеттен мұндай нысандарға жеткілікті деңгейде қаражат бөлінбесе, әрине олар жұрт ойлағандай жоғары деңгейде жұмыс істей алмайды. Мәселен, Үндістандағы Тәж-Махал мавзолейі, Берлиндегі Жеңіс бағанасы, Канададағы ұлттық мұражайды алайық. Бұлардың барлығы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде жұмыс істейді. Сондықтан, Мәдениет және спорт министрлігі қазір осы мәселенің ұңғыл-шұңғылына дейін үңіліп жатыр. Өйткені, мәдени мекемелер толыққанды жұмыс істеп, халыққа пайдасын тигізуі үшін мемлекет пен жеке меншік сектордың бірлескен іс-әрекеттері қажет екені сөзсіз»,- деп қосты Э. Өтепов.

Айтпақшы, бұған дейін Алматыдағы «Қазақфильм» АҚ-ы, Мемлекеттік цирк, Республика сарайы сияқты ірі-ірі мәдени нысандардың жекешелендіруге шығарылуы туралы алып-қашпа әңгімелердің болғаны рас. Алайда, «Хабар» телеарнасынан берілген тікелей көрсетілім барысында Қаржы министрі Бақыт Сұлтановтың өзі Республика сарайының Алматы әкімшілігінің коммуналдық меншігінде екенін және ол жекешелендірілетін нысандар тізіміне енбейтінін хабарлады. «Бұл жерде «Республика сарайы» ЖШС-інің 100 пайыздық акциясы бәсекелестік ортаға шығарылады. Бұл кәсіпорын Республика сарайына қызмет көрсетеді»,- деді министр.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 24 қыркүйегінде Орталық коммуникациялар қызметіндегі басқосуда Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы «Қазақфильм» АҚ-ның 49 пайыз акциясы жекешелендіруге шығарылғанын, бірақ жұрттың көбі жекешелендіру мен сенімді басқаруға беру дегенді шатастырып алатынын мәлім етті. «Қазақстан Үкіметі бекіткен 2014-2016 жылдарға арналған жекешелендірудің кешенді жоспарына сәйкес, «Қазақфильмнің» 49 пайыз акциясы жекешелендіруге шығарылған болатын. Бірақ бұл мәселенің нақты шешімі 2016 жылға қалдырылды. Өйткені, бұл шараға мұқият дайындалуымыз керек. Сонымен қатар, «Қазақфильм» тәрізді мемлекет үшін маңызы аса зор нысан жекешелендірілмейді, тек сенімді басқаруға беріледі. Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасы Эдуард Өтеповтың өзі біздің жолдаған хатымызға осындай жауап жазды»,- деді министр журналистердің сауалына жауап қайырып.

Просмотров материала: 2 237

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 162 058 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 161 880 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 161 514 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 161 553 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 161 845 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 10 530 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 9 672 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 9 878 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 13 714 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 13 894 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 22 684 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 504 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 154 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 012 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 834 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 001 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 117 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 781 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 160 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 889 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 895 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 735 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 574 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 833 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 779 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 288 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 732 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 609 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 873 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 202 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 611 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 590 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 624 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 579 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 811 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 952 Просмотров





Опрос


«    Август 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031