3 декабря 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



"Самұрық Қазынаға" жаңа басшы тағайындалды

"Самұрық Қазынаға" жаңа басшы тағайындалды
"Самұрық Қазына" қорының жаңа басшысы болып Алмасадам Саткалиев тағайындалды, - деп хабарлайды primeminister.kz.

Премьер-министр Асқар Мамин "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ ұжымына басқарманың жаңа төрағасы Алмасадам Сәтқалиевті таныстырды.

Үкімет басшысы Қордың бұрынғы басқарма төрағасы Ахметжан Есімовке Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі және Тәуелсіздік жылдары түрлі мемлекеттік лауазымдардағы тиімді жұмысы үшін алғыс айтты.

Премьер-министр Есімовтің "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ трансформациясын жүргізу және жаңғырту, Қазақстан экономикасын әртараптандыру мен дамытуды арттыру жөніндегі міндеттерді табысты шешкенін атап өтті.

Асқар Мамин Қордың жаңа басшысы Алмасадам Сәтқалиевті таныстыра отырып, оның энергетика саласындағы және "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ жүйесіндегі үлкен жұмыс тәжірибесін атап айтты.

"ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев пен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Самұрық-Қазына» қорының алдында маңызы үлкен міндеттер қойып отыр. Бұл еліміздің инфрақұрылымдық, көлік-логистикалық және индустриалдық дамуын қамтамасыз ету арқылы, сонымен қатар, отын-энергетика кешенін дамыту, инвестицияларды тарту және отандық тауар өндірушілерге қолдау көрсету арқылы ұлттық экономиканың одан әрі тұрақты дамуына жағдай жасау", - деді Мамин.



Алмасадам Майданұлы Сәтқалиев 1970 жылы 31 қазанда Алматы қаласында туған.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін "механик, қолданбалы математик" мамандығы бойынша, Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебін, Стэнфорд университетінің Жоғары бизнес мектебін бітірген. Экономика ғылымдарының докторы, Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының шетелдік мүшесі.

1997-2001 жылдары "ҚазТрансОйл" ұлттық мұнай тасымалдау компаниясы" АҚ-да менеджер, клиринг департаментінің бастығы, жобаларды басқару департаментінің бастығы, басқарушы директор, экономика жөніндегі вице-президенті болып жұмыс істеді.

2001-2006 жылдары "KEGOC" электр желілерін басқару жөніндегі қазақстандық компания" АҚ қаржы директоры, экономика жөніндегі вице-президенті және бірінші вице-президенті лауазымдарын атқарды.

2006-2007 жылдары "Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі" АҚ-ның электр энергетика активтерін басқару жөніндегі директоры болды.

2007 жылғы қаңтарда Қазақстан Республикасының энергетика және минералдық ресурстар вице-министрі, "Самұрық" мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі" АҚ директорлар кеңесінің мүшесі болып тағайындалды.

2008-2009 жылдары - "KEGOC" электр желілерін басқару жөніндегі қазақстандық компания" АҚ бірінші вице-президенті, 2009-2011 жылдары – "Электр желілерін басқару жөніндегі қазақстандық компания" АҚ президенті.

2011 жылы "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ» АҚ басқарушы директоры болып тағайындалды, 2011-2018 жылдары - "Самұрық-Энерго" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы, басқарма төрағасы.

2018 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін - "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ активтерді басқару жөніндегі басқарушы директоры.
Просмотров материала: 1 374

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 177 626 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 177 167 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 176 765 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 176 814 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 177 112 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 393 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 10 529 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 10 758 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 14 893 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 15 043 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 23 688 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 021 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 430 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 262 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 081 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 287 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 348 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 028 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 423 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 139 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 148 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 979 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 816 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 079 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 019 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 533 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 033 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 851 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 122 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 477 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 866 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 818 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 866 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 829 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 062 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 204 Просмотров





Опрос


«    Декабрь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031