Социум

«Ол өледі»: Зеленский Путиннің Украинадағы соғыстың соңына дейін шыдай алмайтынын айтты

Украина президенті Владимир Зеленский Владимир Путиннің тағы 10 жыл соғысқа шыдай алмайтынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі GloboNews арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

 

Зеленскийден «Украинаның Ресеймен 30 жылға жуық «прокси-соғыс» жүргізіп жатқан Сирияның тағдырын қайталамай ма?» деп сұраған.

«Путин мұнша жыл өмір сүрмейді. Сириямен дәл бізбен соғысып жатқан қарқынмен соғыспады. Шыдамайды, 30 жылда Путин болмайды. Ол өледі, бұл – айқын дүние. Бірақ 10 жыл да шыдамайды», – деді ол.

Оның сөзінше, Украинаға Ресейдің барлық әскері жіберілген. Қазірге дейін бұл әскердің негізгі «қаңқасы» жойылды  дейді. Сондықтан Зеленский қор жинап, «әлемдегі қандай да бір елден» қолдау табу үшін Кремльге үзіліс қажет екенін атап өтті.

«Украина әрі қарай да әрекет етеді. Толыққанды соғыс басталған сәттегідей оларға күшті бола түсуге мүмкіндік бермейміз», – деп қосты президент.

Сондай-ақ Зеленский Сирияға көмек көрсетпеу «әлемнің үлкен қателігі» екенін айтады.

Другие новости

Back to top button