Актюбинская областьВыбор редакции

«Оған да сыйлық дайындап едік»: Ақтөбеде 4 жасар Данилмен қоштасу шарасы өтті

Еріктілер «Үміт» балалар үйінің ауласында мемориалдық бұрыш орнатты

Ақтөбеде «Үміт» балалар үйіне адамдар гүл шоғы мен ойыншықтар әкеліп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі «Диапазон» басылымына сілтеме жасап.

Еріктілер кішкентай Данилмен қоштасу шарасын ұйымдастырып, «Үміт» балалар үйінің ауласында мемориалдық бұрыш орнатты.

Айта кетсек полицейлер, еріктілер, Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мен Ұлттық ұлан әскери қызметкерлері екі күн бойы 4 жасар Данил Ахуновты іздеу жұмыстарын жұргізген еді. Өкінішке қарай, бүгін зорлық-зомбылық белгілері бар баланың денесі табылды.

«Біз бұл үшемді туғалы бері білеміз. 4 жыл бойы оларға көмектесіп жүрдік. Отбасында болған кезде де, балалар үйіне өткізілгенде де, әкелеріне қайтарылғанда да көз алдымызда болды. Биыл біз Данилға да сыйлық дайындаған едік, бірақ мұндай қайғылы оқиға болатынын кім білген. Біз баланық бақытты күндері өткен «Үмітте» онымен қоштасу бұрышын ұйымдастырғанды жөн көрдік. Данил сабырлы, көңілді бала еді. Ол бізді көргенде әрқашан қуанып, секіріп, жүгіріп кететін, күліп жүретін. Бүгін еріктілер мен оны іздеуге көмектескендердің барлығы «Үмітке» гүл мен ойыншықтар әкеліп жатыр. Даниярдың арамызда жоқтығы жүрегімді ауыртады. Оны іздеген, үміт еткен, дұға еткен баршаға тағы да рахмет. Сондай ауыр қайғы болды», — дейді Zello Poisk волонтеры Екатерина Голотина.

Еске салсақ, 4 жасар Данил Ахунов 28 желтоқсанда таңертең жоғалып кеткен. Әкесінің айтуынша, ол баланы Қазанғап көшесіндегі №59 үйдің ауласына кіре беріске қалдырып, темекі алуға кеткен. Қайтып келгенде баласы жоқ болған. Сәбиді жүздеген адам: полиция, еріктілер, Ұлттық ұлан қызметкерлері іздеді. Алайда бүгін огың зорлық-зомбылық белгілері бар денесі табылды. Күдікті ұсталды.

Қазіргі кезде «Кәмелетке толмаған баланы өлтіру» бабы бойынша іс қозғалды.

Другие новости

Back to top button