Социум

Назарбаев пен Путин Мәскеуде жеке кездесу өткізді

Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путин мен Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев жеке кездесу өткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Russian.rt басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

 

Ақпаратты Ресей басшысының баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді.

«Иә, кездесу Мәскеуде болды. Нұрсүлтан Назарбаев президентпен жеке кездесу өткізді. Біз мұны растаймыз», — деді Песков.

Айта кетейік, бұған дейін Назарбаев Путинді «сөзіне берік кісі» деп атап, Отанын қайтадан әлемдік держава биігіне шығарып берді деген еді. Ол бұл туралы жақында жарияланған “Менің өмірім. Бодандықтан – бостандыққа” мемуар кітабында айтады.

Назарбаевтың сөзінше, Қазақстан-Ресей қатынасындағы сапалық жаңа кезең ел басшылығына Владимир Путиннің келуімен байланысты. Путин президенттігі Ресейдің тарихына айрықша белес болып енетініне ешкімнің күмәні жоқ, дейді ол.

Другие новости

Back to top button