Алматы

Моральдық шығын үшін 300 мың теңге ұсынған»: Алматыда 20 жастағы қызды зорлады деген күдіктілер ұсталды

Алматыда  ойын-сауық мекемесінде 20 жастағы бойжеткеннің алкогольдік ішімдігіне әлдебір зат салып жіберген. Сосын бойжеткенді ұрлап әкетіп, зорлаған. Сондай-ақ күдіктілер жәбірленушіге моральдық шығын үшін 300 мың теңге ұсынған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

 

Алматы қаласының полиция басқармасы аталған факті қымыстық кодекстің 120-бабы 2-бөлігі 1-тармағы (Алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған зорлау әрекеті) бойынша тіркелгенін растады.

«Жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктілер анықталып, ұсталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Сонымен қатар жәбірленушінің алкогольдік сусынына белгісіз зат қосылғаны туралы да тексеріс жүргізіліп жатыр», — делінген хабарламада.

Сондай-ақ полиция қылмыстық процеске қатысушылар арасындағы хат алмасу Instagram желісі арқылы жүргізілгенін анықтады.

«Егер шағымды кері қайтарып алатын болса, ол жазаны жеңілдетуі мүмкін, бірақ қылмыстық істі тоқтатуға негіз болмайды», — делінген хабарламада.

Тергеу мүддесіндегі өзге де мәліметтер қылмыстық кодекстің 201-бабында көзделген негіздер бойынша жария етуге ​​жатпайды

Другие новости

Back to top button