ГлавноеОбразование

Мектепті де басқара алмайсыз – Бейсембаев отставкасын талап еткен ұстаздарға жауап берді

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев отставкасын талап етіп, президенттің атына хат жазған ұстаздардың сынына жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қазақстанның бір топ мұғалімі президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановқа ашық хат жазып, оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевты отставкаға жіберуді талап еткен еді. Ұстаздар министрді “өз адамдарын ведомствоға жинап жатыр, президенттің тапсырмасына саботаж жасап жатыр” деп айыптайды.

– Жалпы кез-келген министрді тағайындауды немесе отставкаға жіберуді мемлекет басшысының қолында. Сондықтан бұл мәселе менің құзыретіме кірмейді, – деді Бейсембаев.

Не себепті сол наразы ұстаздармен кездеспейсіз? Министрге осы сұрақ та қойылған. Бейсембаев Қазақстанда 500 мың мұғалім барын, “оның бәрімен кездессем, жұмыс жайына қалайды” дейді.

– Сіз менің елдімекендерді аралаған ақпараттарды қарасаңыз, барлық жерде бірінші кезекте ұстаздармен кездесіп, олардың мұң-мұқтажын тыңдап жүргенімді жақсы білесіз. Екіншіден, тек ұстаздармен емес, ата-аналармен де, оқушылармен де кездесіп жүрген жайымыз бар. Ұстаздардың қабылдауға келер болсақ, маған аптасына кемінде бір рет болсын ұстаздар келіп, өзінің ұсыныстары мен пікірлерін беріп кетеді. Әрине, елімізде 500 мың педагог бар. Егер бәрімен кездесуді министр өзіне мақсат етіп алса, ары қарай жұмысты кім істейді. Сондықтан, кез келген ұстаз ұсынысы болса жазады, мен олардың бәрін қабылдап аламын, – деді Бейсембаев.

Министр жақында ғана “Атамекен” деген жаңадан құрылған мұғалімдер тобымен кездескенін, ұсыныстарын алып, ары қарай жұмысты жалғастыруға дайын екенін айтады.

– Жазып жатқан кісілер де маған келіп кеткен. Келетін кезде келіп, ұсыныстарын беріп жүр. Әркімнің өзінің ар-намысы ұяты өзінде, – дейді ол.

Оқу-ағарту министрлігіне 22 мың оқу ордасы бағынышты. Министрдің сөзінше, 12 мың балабақша, 8 мыңға жуық мектеп, 800-ге жуық колледж, оған қоса 3 мыңнан асатын қосымша білім беру орталықтары бар.

– 7 миллионға жуық баланың білім алуын қамтамасыз етеміз. Ол жерден ешқандай орынды сын көріп отырған жоқпын. Нақты ұсынысты байқамадым. Бізде басқа да педагогтар ұсыныстарын беріп отыр. Жалпы Оқу-ағарту министрлігі жүйеліл сарапшылар тобының ұсыныстарының бәрін қарастырып, енгізеді. Ары қарай уақыт еншісінде, әр адамның өз ұятында, – дейді ол.

 

Другие новости

Back to top button