Выбор редакцииКультура

Мақпал Жүнісова марқұм күйеуі Заманбек Нұрқаділовті туған күнінде еске алды

Мемлекет және қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділов 1944 жылдың 15 қаңтарында Нарынқол ауданында дүниеге келген, деп жазады Экспресс К.

 

Заманбек Қалабайұлы тірі болғанда 79 жасқа келер еді. Бүгін марқұмның туған күніне байланысты әлеуметтік желіде еске алу жазбалары көптеп шығып жатыр. Жесірі Мақпал Жүнісова да Instagram-дағы парақшасында күйеуіне деген ыстық сағынышын жеткізген.

Бүгін — 15 қаңтар Зәкеңнің туған күні. Біздің туғандар құран бағыштауда, халқыңыз да сізді ұмытпайды. Зәке, топырағыңыз торқа болсын, амалым қанша, — деп жазды Мақпал Жүнісова.

 

Заманбек Нұрқаділов Алматы қалалық атқару комитетінің төрағасы (1985 — 1992), Алматы қаласының әкімі (1992 — 1994), ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты (1995 — 1997), Алматы облысының әкімі (1997 — 2001), ҚР Төтенше жағдайлар агенттігінің төрағасы (2001 — 2004) қызметтерін атқарды.

 

Саясаткердің денесі Алматыдағы «Кеңсай» зиратында жатыр. Ол 2005 жылдың 12 қарашасында өз үйінде өлі табылған болатын. Ресми тергеу оның өз-өзіне үш рет суық қарудан атқанын, екі оқ кеудесіне, ал бір оқ басына тигенін мәлімдеді.

Құзырлы органдардың бұл нұсқасына марқұмның ұлы Қайрат Нұрқаділовтіңкеліспейтінін Экспресс К бұған дейін жазды.

Другие новости

Back to top button