Мангистауская область

Маңғыстау облысының әкімдігі дәретхана қағазы үшін мемлекет қазынасынан 7 миллион теңгеден астам қаржы бөлген

«Маңғыстау облысы әкімдігінің Іс басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жыл басында дәретхана қағазына арнап 7 024 609 теңге қаржы бөлген. Бұл туралы Адырна ұлттық порталы хабарлайды.

 Тендердің жеңімпазы 2023 жылдың 19 қаңтарында анықталған. Әкімдік қызметкерлерінің табиғи әжетіне арналып бюджеттен бөлінген 7 024 609 теңгеге 11 570 дана дәретхана қағазы сатып алынған. Әр дәретхана қағазының құны – 607 теңгені құрайды.

607 теңге тұратын дәретхана қағазының әр данасында 12 орам болуы міндетті. Онымен қоса, ақтаулық шенділер 2 қабатты, 100 пайыз целлюза материалынан жасалған, ені 12 сантиметрлік, орам ұзындығы 150 метр, түсі ақ қағаздарды ғана пайдаланады екен.

Техникалық сипаттамада тендер жеңімпазы әр 30 күн сайын 1157 дана (әр данада 12 орам) дәретхана қағазын жеткізіп тұруға міндеттелген. Демек, Маңғыстау облысының әкімдігі айына 13 884, күніне 694 орам қағазды (20 жұмыс күнін есептеп отырмыз) кәдеге жаратады-мыс. Әр орамның ұзындығы 150 метр деп есептесек, облыс әкімдігінің қызметкерлеріне күніне халықтың қалтасынан жиналған ақшаға 104 100 метр дәретхана қағазын сатып әперіп беріп отырмыз деген сөз.

Другие новости

Back to top button