Выбор редакцииКультура

«Күлпет» романының тұсаукесері өтті

Ұлттық кітапханада Mecenat.kz әдеби байқауының тұңғыш жеңімпазы, жазушы Шархан Қазығұлдың «Күлпет» романының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Салтанатты шараға романның авторы, жазушы Шархан Қазығұл, мемлекет және қоғам қайраткері Бердібек Сапарбаев, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Смағұл Елубай, Қазақстанның халық әртісі, екі мәрте Мемлекеттік сыйлықтың иегері, актер Досхан Жолжақсынов, Mecenat.kz әдеби байқауының құрылтайшысы Ерлан Асқарбеков, Kitapfest кітап фестивалін ұйымдастырушы Бекнұр Қисықов, басқа да зиялы қауым өкілдері қатысты.
Кітаптың тұсаукесер шарасы басталмас бұрын зиялы қауым өкілдері роман жайлы ойларын айтты.
Осыдан соң мемлекет және қоғам қайраткері Бердібек Сапарбаев, жазушы Смағұл Елубай, Қазақстанның халық әртісі Досхан Жолжақсынов жаңа кітаптың тұсауын кесті.
Шара барысында қазақтың дәстүрлі әншісі Айгүл Қосанова домбырамен «Ақ сұңқар» халық әнін орындады.
Айта кетейік, бүгінгі күні жазушы Шархан Қазығұлдың «Күлпет» романы Алматы қаласы, Розыбакиев көшесінде орналасқан «Мега» сауда орталығындағы «Меломан» кітап дүкенінде сатылып жатыр. Бағасы – 2450 теңге.

Другие новости

Back to top button