Алматы

«Күйеуінен қорлық көрген»: Алматыдағы жас ананың өліміне қатысты тың жайттар айтылды

Көршілері үш баланың анасын өмірге құштар, мейірімді, ақжарқын адам еді деп еске алады

Алматыда үш баланың анасы өзіне-өзі қол салды. Жас ана перзенттерінің көзінше өз пәтерінде асылып қалған. Ал бұл кезде үйде үлкендер болмапты. 7 жасар қызы «Анам өлді» деп терезеге айқай салған соң, көршілері дереу жедел жәрдем шақырған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

 

 

Көршілері 1994 жылғы әйелді өмірге құштар, мейірімді, ақжарқын адам еді деп еске алады. Жақын араласқан құрбылары ол мұндай қадамға тұрмыстық зорлық-зомбылықтың кесірінен баруы мүмкін деп отыр. Олардың айтуынша, марқұм бұған дейін де бірнеше рет күйеуінен таяқ жеп жүргенін айтып шағымданған.

«Осыдан үш күн бұрын күйеуінің ұрғанын көршілері естіген, айқай-шу шыққан. Бұрыннан «зорлық-зомбылық көріп жүрмін, Қырғызстанға, ата-анамның жанына кетіп қалғым келеді» деп айтатын.  Қыста қыста күйеуіне айтпай, жәрдемақының ақшасына шетелге шығатын төлқұжат жасатқан. Күйеуінен қорлық көріп осындай қадамға барып отыр ғой», — дейді қала тұрғыны Жасмин Бақтығалиева.

10 жылдан аса отасқан жолдасы бұған қандай да бір жауап айтудан бас тартты. Тек жақындары ол күйеуід ақтап шықты.

«Ондай ештеңе болған жоқ. Учаскелік полицей келді, бәрін сұрады. Бұл тұрмыстық оқиға. Жоқшылықтың кесірінен болған. Ешқандай қол көтерген емес», — дейді марқұмның күйеуінің туысы.

Оқиғаның ақ-қарасын құзырлы органдар анықтайды. Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, аталған дерек Қылмыстық кодекстің 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Другие новости

Back to top button