Алматинская область

Көліктен қашу үшін жоғары секірген: Алматы облысында жүйіткіген көлік жаяу жүргіншіні қағып кетті

Алматы облысының Боралдай ауылында 19 жастағы жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

 

Желіде тараған видеодан 35 жастағы жаяу жүргіншінің көліктен қашу үшін қоршаудан ұстап, жоғары секіргенін көруге болады. Бұл соққыны жеңілдеткенімен, ер адам түрлі дене жарақаттарын алды.

Облыстық полиция департаменті  оқиға 8 маусымда кешке болғанын нақтылады. Ведомство ұсынған деректерге сәйкес Hyundai көлігінің 19 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай қалған.

«Түрлі дене жарақатын алған жәбірленуші Өтеген батыр ауылындағы ауруханаға жатқызылды. Кінәлінің үстінен ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабының 1-бөлігі және 612-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды», – делінген ақпаратта.

Қазіргі уақытта қажетті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған. Процессуалдық шешім тергеу. қорытындысы бойынша қабылданады.

Другие новости

Back to top button