Социум

Кинопоиск-тің ТОП фильмдері: қазақстандықтар не көреді, айдағы жаңалықтар және әртістердің ұсыныстары

Ақпан айында қазақстандықтар қандай фильмдер көрді? Кинопоиск рейтинг жасап, танымал әртістердің ұсыныстарын жинады. Бұл фильмдердің барлығын Яндекс Плюс жазылымы бойынша бейне сервисте көруге болады.

Ақпан айында Кинопоиск-те қазақстандық көрермендер ұрпақтар арасындағы қақтығыс туралы Аппақ Келін комедиясын көруге көп уақыт бөлді. Сонымен бірге рейтингтің алғашқы жолдарында автоспорт әлемінің нақты тарихы бойынша түсірілген және Орландо Блум ойнайтын жылдам экшн Гран Туризмо бар.

Ең көп қаралатын фильмдердің үштігіне әйгілі режиссер Люк Бессонның картинасы — мүгедектер арбасындағы жігіт адал иттердің көмегімен жауларының сазайын тартқызатын Догмен күшті қылмыстық драмасы кірді.

Сонымен қатар үздіктер тізіміне жақсылықтың зұлымдықты жеңетіні туралы Дорога к отцу (Әкеге жол) қазақстандық комедиясы, «Доктор Хаус» авторынан аутизммен ауыратын дәрігер туралы  Хороший доктор (Жақсы дәрігер) хикаясы, Украсть свои деньги (Өз ақшасын ұрлау) атты тағы бір қазақстандық шытырман оқиғалы комедиясы, тарихтағы ең көп табыс әкелген мультфильмдердің бірі Миньоны, Где мой дом? (Менің үйім қайда?) өзекті комедиясы және кеудемсоқтықтар туралы Ты — босс (Сен бастықсың) атты жеңіл қазақстандық комедиясы кіреді. Ақпандағы ТОП-10 ең соңында әлемге миньондарды сыйлаған Гадкий я (Жексұрын мен) мультфильмі тұр.

Ақпандағы ТОП-10

1. Аппақ Келін (Қазақстан) жанр: комедия, отбасылық
2. Гран Туризмо (АҚШ, Жапония) жанр: драма, шытырман оқиғалы, өмірбаян
3. Догмен (Франция) жанр: драма, боевик
4. Дорога к отцу (Қазақстан) жанр: комедия, отбасылық
5. Хороший доктор (АҚШ) жанр: драма, хикая
6. Украсть свои деньги (Қазақстан, 2023) жанр: комедия
7. Миньоны (АҚШ, Франция) жанр: мультфильм, комедия, отбасылық
8. Где мой дом? (Қазақстан) жанр: комедия, отбасылық
9. Ты — босс (Қазақстан) жанр: комедия
10. Гадкий я (АҚШ, Франция) жанр: мультфильм, комедия, отбасылық

Көктемнің бірінші айында Кинопоиск-те нені көруге болады?

Бизнес по-казахски в Бразилии

Ален, Мақпал, Енош және Бақдаулет Жомарттан кетіп қалады. Ол өз кезегінде Бразилияға баруды шешеді, ол жақта оны жергілікті банда ұрлап әкетеді. Жомартты Бразилияда танысқан жаңа достары құтқара ала ма, әлде туыстарының көмегіне жүгінуге тура келе ме?

Салам, Европа!

Еуропадағы немересіне автостоппен баратын екі қарттың шытырман оқиғалары. Жас жігіт атасы мен әжесінің оның оқу бітіру кешіне келуін армандайды. Әдейі істегендей, дәрігерлер оған ұшақпен ұшуға тыйым салады, бірақ бұл оны тоқтата алмайды.

Таптым-ау сені. Я тебя нашел

Сәуле мен Жексен — бір ауылда бала кезден бірге өскен достар. Бірақ Жексен өзіне ұнайтын қызды кездестіреді және оның өмірі өзгереді — ол жақсы киініп, күтіне бастайды және Сәулемен сирек кездесетін болады.

Каникулы offline 3

«Ауыл Кэмп» көпшіліктің сүйікті балалар лагері —  еліміздегі әр баланың арманы. Бірақ пандемияға дейін осылай болды: коронавирусқа байланысты барлық жоспар бұзылып, лагерь жабылуы керек. «Ауыл Кэмп» жұмысын қайта бастауға шешім қабылдаған достар туралы әңгіме.

Холоп 2

Гриша, бұрынғы «мажор»,   малайдан адам болып, «өткенге» саяхат жасағаннан кейін кез-келген әділетсіздікке бейжай қарамайды. Әлбетте, дөрекі және ерке Катя жасайтын бейберекетсіздікке жеңіл қарай алмайды. Көп ұзамай «мажорка» өзінің басқа заманда екенін байқайды.

Чебурашка

Теңіз жағалауындағы шағын қалаға апельсиндерден жаңбыр жауады, ал жемістермен бірге аспаннан ғылымға белгісіз түкті және ұшқалақ кішкене аң түседі. Апельсинді жақсы көретін кішкене аң қарт бағбанның үйіне тап болады, ал қарт бағбан оны өзімен бірге қалдыруды шешеді.

Батыр из прошлого

Алтын Орданың батыл және көптілді елшісі Елтебердің тарихы. Өткенге оралып, өзінің тарихи миссиясын аяқтауға ұмтылған ол өзіне қазіргі заманғы Қазақстанның керемет мен күрделі жақтарын ашады.

Внутри убийцы

Кинопоиск хикаясы Майкл Омер бестселлерінің әңгіме желісі бойынша түсірілген. Жаңа тергеуге тартылған профайлер Зоя Волгина туралы әңгіме. Белгісіз қылғындырғыш өз құрбандарының мәйіттерін бальзамдап, оларды мүсінге айналдырады. Оның «қолтаңбасы» Волгинаға таныс — ол бірнеше жыл бұрын осыған ұқсас адамды кездестірген.

Три мушкетера: Миледи

Д’Артаньянның көз алдында оның сүйіктісі Констанцияны ұрлап кетеді. Адал достар, үш корольдік мушкетер Атос, Портос және Арамис ұрыс алаңында шайқасып жатқанда, Д’Артаньян сүйіктісін құтқару үшін сыры жұмбақ Миледимен күш біріктіруге мәжбүр.

Моя жена — киллер

Қарапайым ерлі-зайыптылардың ырғақты тіршілігі төңкеріледі, әйеліне қамқоршыл және мейірбан күйеуі оның әйелі — бірінші дәрежелі жалдамашы, оны әлемдегі үздік киллерлердің ауламақшы екенін біледі. Олар өздерінің үйлену мерейтойына мұндай рольдік ойындарды жоспарламаған болатын.

Қазақстандық орындаушылар Кинопоиск-те қандай фильмдерді ұсынады?

Imanbek, қазақстандық диджей және музыкалық продюсер онлайн-кинотеатрдағы өзінің сүйікті картиналарын атады: 1+1 (2011, Франция, драма, комедия, өмірбаян), Мачо и ботан (2012, АҚШ, боевик, комедия), Экипаж (2016, Ресей, драма, шытырман оқиғалы), Операция Фортуна: Искусство побеждать (2022, Ұлыбритания, АҚШ, боевик), Братья из Гримсби (2016, Ұлыбритания, АҚШ, боевик, комедия, қылмыс, шытырман оқиғалы), Джентльмены (2019, Ұлыбритания, АҚШ, қылмыс, боевик).

ORYNKHAN, музыкалық орындаушы, әндердің авторы және Moldanazar Music Label лейблінің мүшесі Кинопоиск-те келесі фильмдерді көруге ұсынады: Взрыв из прошлого (1998, АҚШ, комедия, мелодрама, фантастика),  Форрест Гамп (1994, АҚШ, драма, комедия, тарих),  Всегда говори да (2008, АҚШ, Ұлыбритания, комедия), Таксист (2017, Оңтүстік Корея, өмірбаян, тарих, драма),  Рэй (2004, АҚШ, драма, өмірбаян), Август Раш (2007, АҚШ, Оңтүстік Корея, драма, музыка, отбасылық),  Стиляги (2008, Ресей, мюзикл, драма, комедия),  Человек, который изменил всё (2011, АҚШ, спорт, өмірбаян), Один день (2011, АҚШ, Ұлыбритания, драма, мелодрама).

ORYNKHAN «Взрыв из прошлого» кинокартинасы туралы былай дейді: — Бұл өте мейірімі мол, көруге кеңес берілетін фильм. Бүкіл хикая махаббат пен жаңа өмір туралы. Сондықтан мен оны бала кезімнен бері қайта қараймын. «Взрыв из прошлого» сізге осы әлемдегі жаңа көзқарасты қөрсетеді. Жеке өзім жайлы десем, бұл фильм мені балалық шағыма қайтарады. Сол кезде де мен өз-өзімді фильмді видеокассета арқылы теледидардан көретін кішкентай бала сияқты сеземін. Солай мен осы бейқам балалық шағыма ештенеге қарамастан жаныммен қайта ораламын.

 

Другие новости

Back to top button