Ғылым және техника

«Касперский зертханасы»: қазақстандық компаниялар бәрінен де дербес деректер мен қаржы ақпараты тарап кетуінен қорқады

Қазақстандық әрбір алтыншы компания (17%) шабуылдаушылар желіге қол жеткізген жағдайларға тап болған. Бұл «Касперский зертханасы» сауалнамасының деректері*.

АТ-бөлімдердің қызметкерлері мұндай киберқауіптердің басты теріс салдары — дербес деректердің (58%), қаржылық (58%) және төлем ақпаратының (52%) жоғалуы деп санайды. Сондай-ақ, олар компанияның күнделікті операциялары, тапсырыс берушілер туралы ақпарат, зияткерлік меншік, корпоративтік шоттар туралы мәліметтер, бәсекелестерді талдау туралы мәліметтердің тарап кетуіне алаңдайды.

Сауалнама мәліметтеріне сәйкес, компанияларда ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін көбіне жұмыс станциялары мен серверлерде антивирустық шешім (82%), корпоративтік поштаны қорғау (51%) және бақылау жүйесі (37%) қолданылады. Қызметкерлердің жеке құрылғыларын қорғау үшін антивирус (78%), сонымен қатар, құрылғыға кіру үшін міндетті құпия сөз (70%) және VPN (48%) қолданылады.

«Кез келген компания деректердің жоғалуына тап болуы мүмкін және бұл олар үшін елеулі қаржылық және беделді тәуекелдерге айналуы мүмкін. Сондықтан жұмыс құрылғыларын қорғау және қызметкерлердің киберқауіпсіздік туралы хабардарлығын арттыру үшін сенімді шешімдерді қолдану маңызды. Сауалнама көрсетіп отырғандай, қауіпсіздік шешімі мен кіру құпиясөздерін орнату сияқты дәстүрлі шаралардан басқа, компаниялардың төрттен бірі соңғы құрылғылардағы қауіптерді жан-жақты анықтауға және оларға әрекет етуге мүмкіндік беретін жетілдірілген EDR өнімдерін пайдаланады. «Касперский зертханасы» бизнесті қорғау үшін де осындай шешімді ұсынады», — деп атап өтті «Касперский зертханасының» Қазақстан, Орталық Азия және Моңғолиядағы басқарушы директоры Валерий Зубанов.

* Сауалнаманы OnIn агенттігі «Касперский зертханасының» тапсырысы бойынша 2022 жылғы желтоқсан — 2023 жылғы қаңтар айларында жүргізді. Оған Қазақстанда жұмыс істейтін 100-ден астам АТ-маман қатысты.

 

 

Другие новости

Back to top button