Ғылым және техника

«Касперский зертханасы» онлайн-тренингі Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті оқытушыларының біліктілігін арттырды

Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті (ХАТУ) киберқауіпсіздік туралы практикалық білімді арттырумақсатында оқытушылар құрамына оқыту өткізді. Оқу орны«Касперский зертханасынан» Kaspersky cybersafety for it Onlineонлайн-платформасын таңдады.

Онлайн-тренинг практикалық тапсырмалардан тұрады. Бұлзиянды бағдарламалық жасақтама, әлеуетті қалаусызбағдарламалар мен файлдар, фишингтік ресурстар сияқтықауіптерді тануға мүмкіндік береді. Курс ХАТУ қызметкерлеріне болашақта өз мамандығы бойыншаАТ-бағытын таңдайтын студенттерді ұйымдардыңкиберқорғаныс негіздеріне оқытуға мүмкіндік береді.

«Қазіргі кездегі киберсауаттылық адам қызметінің кез келгенсаласында маңызды. Киберқауіпсіздікті жақсы ұғынғанқызметкерлер компанияны кез келген онлайн қауіптерден сәттіқорғауға көмектеседі. Сондықтан біздің өнім Қазақстанныңбизнес-нарығындағы түрлі ойыншылар арасында үлкенсұранысқа ие. Ал оқытудың практикалық бағыты тренинг барысында мамандардың үлкен қызығушылығын тудырады», — дейді Қазақстандағы, Орта Азиядағы және Моңғолиядағы«Касперский Зертханасының» басқарушы директоры Валерий Зубанов.

«Теориялық бөлім өте ауқымды емес, сондықтан тыңдаушығаоперациялық жүйелер мен жүйелік реттеулер туралы білім, сондай-ақ жұқтырған объектілерді іздеу ерекшеліктері туралыбілім қажет. Тапсырмаларда көптеген кіші тапсырмалар бар, олар өте мұқият ойластырылуы керек. Әрбір модуль өтеқызықты және танымдық. Осындай қызықты материал үшінкомпанияға рахмет!»,- деп ХАТУ «Киберқауіпсіздік»кафедрасының меңгерушісі Сәуле Аманжолова өз әсерлеріменбөлісті.

 

 

Другие новости

Back to top button