Ғылым және техника

«Касперский Зертханасы» және «Павлодар облысы әкімдігінің Цифрлық технологиялар басқармасы» ММ интернеттегі балаларды қорғау бойынша бірлескен жобаны аяқтады

«Касперский Зертханасы» және «Павлодар облысы әкімдігініңЦифрлық технологиялар басқармасы» ММ әлеуметтік осалотбасылардан шыққан балаларды киберқорғауға бағытталғанпилоттық жобаны аяқтады.

Реттеушімен бірлескен бастама барысында жасөспірімдеріқұқық бұзушылық жасаған Павлодар облысыныңотбасыларына Kaspersky Safe Kids * тегін лицензияларыберілді. Бұл кез-келген құрылғыға, соның ішінде смартфондармен планшеттерге орнатуға болатын балалардың онлайн қауіпсіздігі үшін шешім болып табылады.

Қазіргі балалар өмірінің маңызды бөлігі гаджеттердешоғырланған. Дегенмен, жас пайдаланушылар әрқашанолармен қалай қауіпсіз жұмыс істеу керектігін біле бермейді. * * «Касперский зертханасы» сауалнамасы көрсеткендей, цифрлық мінез-құлық ережелері туралы білімнің болмауыотбасындағы атмосфераға әсер етуі мүмкін. Ата-аналардыңүштен бірі (36%) баланың электронды құрылғыны қолдануыжанжалға алып келеді деп мәлімдеді. Сонымен қатар, басымжағдайда (66%) себеп экран алдында тым ұзақ болуы болған.

Жас пайдаланушылардың жартысынан көбі (56%) интернеттекүніне 1 — ден 4 сағатқа дейін уақытын, ал олардың төрттенбір бөлігі (23%) барлық бос уақыттарын өткізеді. Алайда, баланың интернетте қанша уақыт болғанына қарамастан, цифрлық ортаға қауіпсіз «енуін» қамтамасыз ету: цифрлықсауаттылық негіздерін үйрету, сонымен қатар техникалыққорғаныс құралдарыменарнайы онлайн қауіпсіздікшешімдерімен сүйемелдеу маңызды.

Өскелең ұрпақ желіде тек пайдалы ақпарат көздерімен ғанаемес, сонымен қатар кибер алаяқтардың әрекеттерімен, сондай-ақ зиянды контентпен де бетпе-бет келуі мүмкін екенінескере отырып Павлодар облысы Білім басқармасының, «Отбасы және балалар. Павлодар» облыстық қоғамдықбірлестігі өкілдері және Павлодар облысы қауіпсіздігінқамтамасыз ету жөніндегі ведомствоаралық тобы, Павлодар полициясының учаскелік инспекторлары жобаныңнәтижелерін жоғары бағалады.

«Балалардың ата-аналары да Kaspersky Safe Kids шешімініңтиімділігі туралы оң пікірлерімен бөліскенін атап өткім келеді. Жоба нәтижелері бойынша олар қосымшаны стационарлықкомпьютерлерге де, балалардың мобильді құрылғыларына да орнату оңай болғанын хабарлады. Жасөспірімдер арасындақажетсіз ресурстарға көшу жағдайлары айтарлықтайтөмендеді, бұл шешімнің жоғары қорғалуымен шартталған. Көптеген отбасылар ата-ана бақылауын, мысалы, баланыңгаджетпен өткізген уақытын басқаруды пайдалану тәжірибесіноң деп санады. Осындай бастамалардың көмегімен бізкомпанияның барлық аумақтарында, соның ішіндеҚазақстанда ақпараттық қауіпсіздік пен киберсауаттылықтыдамыту деңгейін арттыруға тырысамыз», — деп Қазақстандағы, Орталық Азия мен Моңғолиядағы «Касперский Зертханасының» басқарушы директоры Валерий Зубановтүсіндірді.

«Цифрлық технологиялар басқармасы кибергигиена мен балаларды желідегі дұрыс мінез-құлыққа, соның ішінде жекеақпаратты қорғауға, ықтимал қауіптерді анықтауға жәнеболдырмауға үйретудің маңыздылығын мойындайды жәнесалауатты цифрлық қоғамды қалыптастыру қажеттілігінкөрсетеді. Біз қоғам үшін осындай маңызды жобада«Касперский зертханасымен» ынтымақтастыққақуаныштымыз», — деп Павлодар облысы Цифрлықтехнологиялар басқармасының басшысы ЕлнұрРахымбердіұлы Өтебаев бөлісті.

«Касперский Зертханасы» туралы

«Касперский зертханасы» — 1997 жылдан бастап ақпараттыққауіпсіздік және цифрлық құпиялылық саласында жұмысістейтін халықаралық компания. «Касперский зертханасы»технологиялары бүкіл әлем бойынша 400 миллионнан астамқолданушылар мен 220 мың корпоративті клиенттердіқорғайды. Компания сонымен қатар KasperskyOSмикроядролық операциялық жүйесіне негізделген және әдеткіқауіпсіздікті қамтамасыз ететін кибериммундық шешімдердіжасайды. Толығырақ мына сайтта берілген www.kaspersky.ru

* Kaspersky Safe Kidsбалаларға арналған онлайн қауіпсіздік шешімі.

** Сауалнаманы OnIn агенттігі «Касперский Зертханасының» тапсырысы бойынша 2022 жылғыжелтоқсан — 2023 жылғы қаңтар айларында жүргізді. ОғанҚазақстаннан 1000-нан астам респондент қатысты. Сауалнамадан 18 жасқа дейінгі балалардың ата-аналарыөтті.

Другие новости

Back to top button