Алматы

Жол сапасын бақылау — жауапты іс

Елімізде облыс орталықтары мен аудан және ауыл аймақтарды байланыстыратын автокөлік жолы мәселесі өте өзекті. Бұл мәселелер жыл өткен сайын шешімін тауып та келеді. Алайда қаржыны көп қажет ететін осы жол салу мәселесінде кемшіліктер де жоқ емес. Оның бірі әрі бірегейі жолдың сапасы. Жол сапасын қадағалау «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК еншісінде.

Бүгінде көлігі көп ірі мегаполис Алматы қаласы бойынша көлемді жұмыстар жүргізілуде. Биыл орташа жол жөндеу жұмыстарының бюджеті аудан әкімдіктеріне берілген. Қаладағы 8 аудан әкімдігімен ағымдағы жөндеу жұмыстары бойынша келіссөздер жүргізіліп, 7 келісім-шарт жасалды, біреуімен келіссөздер жүргізілуде.

jolsapa almaty

Сондай-ақ, жол өткелдерін диагностикалау ұсынылып, оның ішінде 5 көпір мен 5 өткел қарастырылған. Қаражат көлемі 12,1 млн. теңгені құрайды. Алматыда жаз бойы құрылысы тоқтамаған 30 көшенің диагностикасы жасалды, барлық көшелердің жол жабыны жылжымалы жол зертханасы арқылы толығымен тексеріліп,есебі дайындалды.

Филиал қызметкерлері шарт жасасқан нысандарға 321 мәрте тексеріске шыққан. Жалпы 4 коммерциялык нысан бойынша 903 сынама алынып, 254 сынамасы талаптарға сәйкес келмей және де тексеріс барысында 100 ге жуық ақау анықтады. Отыз ақауды қалпына келтірді.

Қала бойынша жасалған жұмыстарға келсек  құрылыс жұмыстары жүріп жатқан 14  нысан бар. 250 көшеде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Орташа жөндеу жұмыстары бойынша 65 көшеден сынама алынып, 35 көшенің жұмысын уақытша шектеді. 165 көшенің жұмыс барысы қарқынды деңгейде жал,асып жатыр.

jolsapa almaty

Жылда автомобиль жолдарының сапасы бойынша әлем елдерінің рейтингі жасалады. Тізім басында Сингапур, екінші Нидерланды, үштікті Швейцария түйіндейді. Қазақстан 3.60 ұпаймен 86-91 орын аралығында. Еуропа елдерін былай қойғанда Уганда, Гвинея, Кения, Танзания секілді Африка елдері де Қазақстаннан жоғары тұр. Бұл — еліміз үшін өте төмен көрсеткіш. Дегенмен «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК жолдың сапалы болуына жедел жұмысы үдей түссе рейтинг тізбесінде Қазақстан жоғары қатардан көрінері сөзсіз.

 

Авторы Мадина Сарбалаева

Другие новости

Back to top button