Жетысуская область

Жетісу облысында заңсыз ауланған 1 тонна балық тәркіленді

Мемлекетке келтірілген шығын көлемі 3 миллион теңге

Жетісуда бір тоннадан астам заңсыз ауланған балығы бар фургон ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Сарқан ауданы Лепсі-Көкжиде автожолында тексеру үшін тоқтатылған Volkswagen Crafter автокөлігінен үш түрлі балықтан тұратын заңсыз жүк табылды.

«Көлікті облыстың 32 жастағы тұрғыны басқарған, ол балық аулауға рұқсат қағазын ұсына алмады. Салоннан 1167,6 келі қарақұйрық, көксерке және қаракөз балығы табылды. Табиғат пен мемлекетке 3 миллион теңгеден астам шығын келтірілген. Жиналған материал Балқаш-Алакөл облысаралық балық инспекциясының қызметкерлеріне тапсырылды. Күдіктінің жауапкершілігін сот айқындайтын болады», – дейді Жетісу облысы ПД табиғат қорғау полициясының аға инспекторы Бағлан Рымжанов.

Другие новости

Back to top button