Жетысуская область

«Жетісу облысында педофил жазадан құтылып кетті»: Полиция оқиғаны түсіндірді

Текеліде туа бітті ақыл-ой кемістігімен ауыратын ер адам кішкентай балаларға жыныстық зорлық көрсетті деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

 

Ал, тәртіп сақшылары психикалық ауытқушылығы бар 31 жастағы ер адамға қатысты қылмыстық тергеуді тоқтатты.

Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желілерде пайда болды, онда жұртшылық “педофил-зорлықшыны” жауапкершілікке тартпаған полиция мен прокуратураның әрекетіне наразылығын білдірді.

Бұл атышулы іске қатысты Жетісу облысының полицейлері түсініктеме берді. Олардың хабарлауынша, 2022 жылдың маусым айында 4 кішкентай баланың ата-анасы Текелі полициясына 31 жастағы көршісі балаларға “жыныстық зорлық көрсетті” деп шағымданған.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталып, мұндай істер бойынша қажетті сараптамалар тағайындалды.

«Оқиғалар бір айлар бұрын, ағымдағы жылдың мамыр айында орын алғаны және оларға балалармен көрші тұратын және олармен бірге уақыт өткізетін (ойнайтын) туа бітті ақыл-ой кемістігімен ауыратын 31 жастағы ер адамның қатысы бар екені белгілі болды», — деді полиция.

Сараптамалық зерттеулердің нәтижелері бойынша, оның ішінде проктологтың қатысуымен балаларда ешқандай жарақаттар анықталмады, яғни жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері расталмады.

“Балалардың жасы кіші болғандықтан, олардан түсініктеме алу заңда қарастырылмағандықтан», — деді полиция.

Қылмыстық іс дәлелдердің жоқтығынан тоқтатылды. Ер адам психоневрологиялық диспансерге орналастырылды, өйткені оған мәжбүрлі түрде медициналық шаралар қолдану ұсынылды, ол әлі күнге дейін сол жерде.

Другие новости

Back to top button