Жетысуская область

Жетісу облысында өндірістік жарақат алған адамдарды дәрігерлер жасырып келген

Құзырлы орган жұмыс берушілерді жауапқа тарту мәселесімен айналысып жатыр

Жетісу облысында дәрігерлердің заңсыз әрекеттері анықталды. Өндіріс орындарында түрлі жағдайда жарақат алған адамдарды медицина мекемесінің қызметкерлері жасырып отырған. Тек биылдың өзінде еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы заңсыздықтың 40-қа жуық оқиғасы анықталған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy. 

«Жетісу облысының прокурорлары жұмыс берушілердің өндірістік жарақат алу жағдайларын жасыру фактілерін анықтады. Осы жылдың өзінде жұмыс берушілер мен медициналық мекемелер еңбек саласындағы уәкілетті органнан осындай 39 жағдайды жасырған. Олар бойынша жұмыс берушінің кінәсінің дәрежесін анықтау үшін тиісті тергеулер жүргізілмеген. Демек, жұмыс берушінің кінәсінен зардап шеккендер тиісті өтемақыларынан айырылған», — деп хабарлады Жетісу облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі.

Прокурорлық қадағалау актісінің талабымен медициналық мекемелердің 5 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Құзырлы орган жұмыс берушілерді жауапқа тарту мәселесімен айналысып жатыр.

Другие новости

Back to top button