Госорганы

Жедел жәрдем көліктері нарық бағасынан бірнеше есе қымбатқа сатып алынған

Бас прокуратура еліміздегі бірнеше облыста жедел жәрдем көліктерінің қымбаттаған бағаға сатып алынғанын анықтады, деп хабарлайды Экспресс К.

 

Бас прокурор Берік Асыловтың айтуынша, бюджет қаражатын жымқыру және сапасыз медициналық құрал-жабдықтарды жоғарылатылған бағамен сатып алу деректеріне қатысты тексеріс жүргізіліп жатыр.

Мәселен, Ақтөбе облысындағы медициналық орталық кедендік құнынан төрт есе қымбат бағаға жедел жәрдем көлігін сатып алған. Мұндай жағдайлар Алматы, Ақмола, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Жамбыл және Павлодар облыстарында да анықталды.

 

Қазір 15 адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталса, 405 адам тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Другие новости

Back to top button