Актюбинская областьВыбор редакции

Жарысқа бара жатып, жол апатына түскен балалардың жағдайы белгілі болды

Ақтөбеде волейболдан жарысқа бара жатып, жол апатына түскен балалардың жағдайы белгілі болды. Жантүршігерлік жол-көлік оқиғасы бойынша тергеу амалдары жүргізілуде, деп хабарлайды Экспресс К.  

 

Бұл туралы Ақтөбе облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары Ержан Байтанаев Facebook парақшасында жазды. Оның мәліметінше, зардап шеккен балалардың бесеуі жан сақтау бөлімінде жатыр. Барлығының жағдайы тұрақты ауыр. Қалған үш баланың жағдайы орташа. Олар хирургиялық бөлім палатасына ауыстырылған.

 

Балалар тәулік бойы бақылауға алынған. Аурухана барлық қажетті дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілген. Ата-аналарға балаларды емдеу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы ақпарат беріліп отыр

— деп жазды Ержан Байтанаев.

Экспресс К бұған дейін Шұбарқұдық ауылының оқушылары Ақтөбе қаласына волейболдан жарысқа қатысу үшін жолға шығып, апатқа ұшырағаны туралы жазды. Жол апаты кезінде бір бала көз жұмды. Көлікті спорт мектебінің директор орынбасары тізгіндегені белгілі болды.

Другие новости

Back to top button