Социум

«Жарты жылда бір рет болады»: Күн тұтылуы кезінде адамдар күннің «тәжін» көре алады

Астрономдар 8 сәуірде Астана уақытымен сағат 23:17 шамасында Күннің толық тұтылатынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Московский планетарий” басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Мамандардың мәліметінше, Ай мен Күннің тұтылуы – екі апта уақыт айырмашылығымен жарты жылда бір рет болатын құбылыс. Ай толғанда ай тұтылады, жаңа ай туғанда күн тұтылады. Мұндай құбылыс кезінде Ай, Күн мен Жер бір қатарға тұрады. Егер ортада Жер тұрса, Ай тұтылады. Ал ортада Ай тұрса, Күн тұтылады.

8 сәуірдегі Күн тұтылуы кезіндегі Жерден Айға дейінгі арақашықтық 353 321 шақырым. Ал Ай көлеңкесінің орташа ұзындығы – 373 320 шақырым болады. Айдың көрінетін диаметрі Күн дискісінің көрінетін диаметрінен 1,0566 есе үлкен болғандықтан Ай Күн бетін толығымен жабады.

Тұтылу координаталары солтүстік ендік 25,3° және батыс бойлық 104,1° болатын нүктеде максималды мәніне жетеді. Әсерлі сәтті Жер тұрғындары 4 минут 28 секунд тамашалай алады. Айдың жер бетіндегі көлеңкесінің ені 198 шақырымға дейін жетеді.

Күн тұтылған сәтте адамдар Күннің “тәжін” көре алады. Тәж Күн дискісінің, жұлдыздардың және Күнге жақын орналасқан, Аймен толығымен жабылған планеталардың айналасында сәулелі ореол сияқты жарқырайды.

Аталмыш құбылысты көбіне “Америкалық тұтылу” деп атайды. Себебі тұтылудың әр түрлі фазаларын АҚШ-та жиі байқалады.

Айта кетейік, Күннің толық тұтылуына АҚШ пен Канадада, Тынық мұхиты мен Атлант мұхитындағы кейбір арал тұрғындары куә болады. Бұған дейін жеке фазалар Солтүстік және Оңтүстік Америка, Орталық Америка, сонымен қатар Тынық және Атлант мұхиттарынан және Батыс Еуропадан да көрінетіні туралы жазған едік. Күннің тұтылуын көзі нашар көретіндер де, соқырлар да бақылай алады.

Другие новости

Back to top button