Жақсыбек Құлекеев «Halyk Bank» тәуелсіз директоры болып сайланды
Қазақстан Халық банкі директорлар кеңесінің құрамындағы өзгерістерді жариялады.
Банк 2023 жылғы 1 желтоқсанда Директорлар кеңесінің бастамасымен шақырылған акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы өткенін хабарлайды. Өткізілген жиналыстың қорытындысы бойынша банк акционерлері мынадай шешімдер қабылдаған.
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі Мәжит Төлеубекұлы Есенбаевтың өкілеттігі 2023 жылғы 1 желтоқсаннан бастап оның жазбаша хабарламасы негізінде өз бастамасы бойынша мерзімінен бұрын тоқтатылған.
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің сандық құрамы 7 (жеті) адамнан 8 (сегіз) адамға дейін ұлғайтылған.
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің құрамына Жақсыбек Әбдірахметұлы Құлекеев тәуелсіз директор және Жомарт Досанқұлұлы Нұрабаев «АЛМЭКС» холдинг тобы» АҚ өкілі ретінде сайланған.
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелері Жақсыбек Әбдірахметұлы Құлекеев пен Жомарт Досанқұлұлы Нұрабаевтың өкілеттік мерзімі – олар сайланған сәттен бастап және «Қазақстан Халық Банкі» АҚ акционерлерінің 2023 жылғы 25 мамырда өткен жылдық жалпы жиналысында белгіленген «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің қазіргі құрамының өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін айқындалған.
Осылайша, корпоративтік басқарудың үздік халықаралық тәжірибелеріне сәйкес бүгінгі күні банктің директорлар кеңесі келесі құрамдағы сегіз адамнан (оның ішінде алты тәуелсіз директордан) тұрады:
- Александр Сергеевич Павлов – Директорлар кеңесінің төрағасы, тәуелсіз директор;
- Арман Ғалиасқарұлы Дунаев – Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор;
- Жақсыбек Әбдірахметұлы Құлекеев – Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор;
- Франк Кайларс – Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор;
- Жомарт Досанқұлұлы Нұрабаев – Директорлар кеңесінің мүшесі, «Алмэкс» холдинг тобы» АҚ өкілі;
- Петр Романовски – Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор;
- Герман Тишендорф – Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор;
- Үміт Болатханқызы Шаяхметова – Директорлар кеңесінің мүшесі, Басқарма Төрағасы.