Алматы

«Жағымсыз иіске шыдай алмайсың»: Алматыда көршілері «маугли» балалар туралы айтып берді

Алматыдағы пәтерлердің бірінен табылған үш «маугли» бала туралы көршілері айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Astana арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

 

Кішкентай Тайру, Иманәлі мен Рамазанды ювеналды полиция қызметкерлері тауып алған. Бірақ пәтерге кіру үшін есікті бұзуға тура келіпті. Себебі тұрмысы нашар отбасы ретінде тіркелгендіктен, байланысқа шығуды доғарыпты.

«Үйде 2016, 2018 және 2020 жылдары туған балалар үйде болған. Үй лас, барлық жерде қоқыс. Бұдан кейін балаларды оңалту орталығына жеткізілді. Бұл жағдайда ата-ана құқығынан айыру үшін анасына қатысты материалдар жиналды», – деді Медеу аудандық полиция қызметінің басшысы Әділбек Қозыбек.

Балалардың мұндай жағдайға тап болғаны туралы көршілері білмеген екен. Ал анасының ішкілікке салынғанынан да хабарсыз болған. Дегенмен пәтерден бұрыннан бері жағымсыз иіс шығады дейді.

«Өткір иіс шығатын. Қоқыстан болу керек, есік ашылғанда иіске шыдай алмайсың. Үшінші баласын мүлде көрмегенмін. Бірақ үш бала бар дейді. Балаларын қамап жүретін, себебі бір ұлы қашып кеткен. Неге екенін білмеймін. Бүлдіршіндерге обал, үнемі үйде қамалып отыратын», – деді көршісі Лариса.

Другие новости

Back to top button