Социум

Израильдің бас ашкенази раввинінің өкілі ХАМАС содырларын Исламды, Құдайға деген сенімді қорлады деп айыптады

Астанада өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінде Израильдің бас ашкенази раввинінің өкілі Джоэл Адлер «ХАМАС» лаңкестерінің әрекетін сынады. Ол содырлардың шабуыл кезіндегі әрекетіне “Ислам дінін қорлаумен тең” деген баға берді. Бұл туралы Stan.kz  ақпараттық агенттігі хабарлайды. 

 

Израильдің бас ашкенази раввинінің өкілі ХАМАС радикал тобының қарулы адамдары тұтқиылдан жасаған шабуылы салдарынан қаза тапқандар үшін қайғыратынын жеткізді.

Адлер бейбітшілік қаласы саналған Иерусалимді содырлар әп-сәтте талқандағанынжәне қатыгездік шабуыл кезінде зымыранмен атқылағанын айтты. Израильдік делегация өкілі террорлық шабуыл кезінде лаңкестер Исламды ашық қорлады деп баға берді.

“Зардап шеккен сіз бен біздің баламыз болса ше? Елестетудің өзі қиын. Содырлар террорлық шабуылдарын  «Аллаху Акбар» сөзімен бастап іске асырды. Олар Ислам дінін, Құдайға деген сенімді қорлады. Ешбір дін мұндай қатыгездікті қолдамайтынын айта аламын. Бұл барлық дін лидерлерінің намысына тиді. «ХАМАС» содырлары өздерінің әрекеттерін әлеуметтік желілерге жүктегені де өте өкінішті”, – деді Ашкенази раввиінің өкілі өз баяндамасында.

Джоэл Адлер шабуыл кезінде бейбіт тұрғындардың өлі денелері мен бас сауғалап қашқан адамдардың жағдайы алаңдатарлық екенін айтты. Тіпті ХАМАС лаңкестерінің көпбалалы әйелдер мен қарт адамдарды кепілге ұстап отырғанын мәлімдеді.

Ашкенази раввинінің өкілі рухани лидерлерді мұндай жағдайда үнсіздік танытпауға шақырды.

Другие новости

Back to top button