Алматы

Иесін денесімен қорғаған: Алматыда белгісіз біреу тұрғынға пышақпен шабуыл жасап итін жазым қылды

Алматыда белгізісіз ер адам көшеде итімен жүрген тұрғынға темекі бермегені үшін пышақпен шабуыл жасады. Нәтижесінде иесін денесімен жапқан ит пышақ жарақатынан өлген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

 

Оқиға туралы Әлия есімді желі қолданушысы Facebook парақшасында жазба қалдырған. Айтуынша, белгісіз біреу ит иесі Денистен темекі сұраған. Ал темекі бермегені үшін кейін жан түршігерлік оқиға орын алған.

“Шабуылдаушы Денисті балағаттап, оны өлтіремін деп қорқытты. Денис мән бермей, үйге қарай бет алды. Алайда кіре берісте әлгі адам оны қуып жетіп, пышағын шығарып, оны өлтірмек болды. Ит шабуылды бірден сезіп иесін қорғап, қалқалады. Салдарынан пышақ итке кірді. Ит 8 жаста болған және үш баласы бар отбасында асыранған. Ол ешкімге зияны жоқ, мейірімді жануар болған. Ал қаскөй оқиға орнында қашып кеткен. Ит сараптама үшін емханаға жіберілген.
Елімізде, қаламызда не болып жатыр? Осындай беймаза қатыгез адамдар арамыз жүргенде қала тұрғындарына қауіп төніп тұр. Қылмыскерді тауып жазалауды сұраймыз”, – деді желі қолданушысы.

Оқиғаға байланысты Алматы қалалық полиция департаменті түсініктеме берді. Полицияның айтуынша, күдікті тұрғынның итін қарсы жіберіп, тұмылдырығын шешіп жібергенін айтқан.

“ Күдікті 36 жастағы Б.есімді азамат ұсталды. Өз кезегінде, ол, иттің иесі екеуінің арасында туындаған ауызша жанжалдың нәтижесінде иттің иесі жануардың аузындағыны алып, өзіне қарсы жібергенін айтты. Күдікті өзін қорғауға мәжбүр болғанын түсіндірді. Аталған дерекке байланысты Алмалы аудандық полиция басқармасы ҚК-тің 316-бабы 2-бөлігімен (жануарларға қатыгездікпен қарау) қылмыстық құқық бұзушылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғап жатқанын хабарлайды. Оқиғаның объективті мән-жайлары қосымша тергеу барысында анықталатын болады”, – деді ведомство.

Другие новости

Back to top button