Денсаулық

Гепатиттің алдын алу үшін не істеу керек

Елордада 7 мыңнан астам науқас есепе тұр

Астана қаласының коммуникациялар қызметі алаңында «Гепатитке қарсы күрес: аурудың алдын алу жолдары» тақырыбында Астана қаласы Гепатология орталығының басшысы Күнсұлу Шамсивалиева брифинг өткізді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Астана қаласында 2023 жылдың жартыжылдығындағы қорытынды бойынша созылмалы вирустық гепатиттер, бауыр циррозы, бауыр трансплантациясы ем-шараларынан өткен 7563 пациент есепте тұр.

«2012-2022 жылдар аралығында созылмалы С гепатиті бар 5025 пациент вирусқа қарсы терапия қабылдады. Соның ішінде 2022 жылы 483 пациент ем алды. Небәрі 10 жыл ішінде созылмалы вирустық В гепатитіне шалдыққан 1208 пациент емдеуге алынып, олардың 635-і вирусқа қарсы терапияны жалғастыруда»,-дейді Күнсұлу Шамсивалиева.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының пікірінше денсаулық сақтау секторының алға қойған жаһандық стратегиясы — вирустық гепатиттерді жою және денсаулық сақтау қызметтерінің жалпыға бірдей қолжетімділігін қамтамасыз ету.

Бұл стратегия ең кең таралған гепатиттық вирустармен (A, B, C, D, E) сондай-ақ, қоғам қауіпсіздігі үшін аса маңызды В және С гепатитінің созылмалы түрлерімен күресуге бағытталған. В және С гепатиттерінің созылмалы түрлері емделмеген жағдайда, цирроз бен бауыр қатерлі ісігінің дамуына әкеледі.

ДДҰ Қазақстанды Орталық Азия мен ТМД-да гепатитке қарсы күрес бағдарламаларын орындауда көшбасшылардың бірі деп таниды. Елімізде вирустық гепатиттердің алдын алу жұмыстары кешенді түрде жүзеге асырылады. Яғни, ең алдымен вирус көздеріне, таралу жолдары мен факторларына, инфекция жұқтыруға бейім халыққа көмек көрсетіледі.

А, Е ішек гепатиттерінің алдын алу үшін мамандар салауатты өмір салтын ұстану, сапалы ауыз су тұтыну, қатерсіз азық-түлікті қолдану,  елді мекендердегі тазалықты сақтау,  жеке гигиена ережелерін ұстану және халықтың санитарлық сауаттылығын арттыруға кеңес береді.

В және С гепатиті вирустарының алдын алу үшін жеке гигиена ережелерін сақтау, медициналық қызметкерлер тарапынан қолданатын аспаптар мен құралдарын дезинфекциялауын қатаң бақылау, инъекциялық есірткі мен жыныстық қатынастан бас тарту қажет.

Елімізде 1998 жылдан бастап В гепатитіне қарсы халықты вакцинациялау бағдарламасы жұмыс істейтініні атап өту керек. Сәбилер өмірге келген алғашқы күндерінен-ақ перзентхана қабырғасында В вирустық гепатитіне қарсы инфекциядан қорғайтын вакцина алады.

Гепатиттердің алдын алу жөніндегі шаралар кешеніне Қазақстандағы Ұлттық екпе күнтізбесіне сәйкес жүргізілетін белсенді иммундау-вакцинация да кіреді. Екпелер емханалардың егу кабинеттерінде тегін жүргізіледі.

Другие новости

Back to top button