Социум

Газа секторындағы қазақстандықтар қазіргі жағдайды айтып берді (видео)

Қазақстандық журналист Ольга Аринбасарова Газа секторында әлі де қазақ отбасылары бар екенін және олардың қазіргі жай-күйін жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

 

Оның айтуынша, Эль-Сұлтан отбасы осындағы туыстарына келіп, сапары соғыс қимылдарына ұласқан.

«Бұқаралық ақпарат құралдары осыдан жеті күн бұрын Эль-Сұлтан отбасы мен тағы да бірнеше жанұя мыңдаған бейбіт тұрғындармен бірге әуе және зымырандық шабуылдардан қорғану үшін мектеп ғимаратын пана етіп, Джабалияда жүргенін жазған болатын. Кеше бір қазақ отбасы қайтыс болды деген сұмдық хабар алдық. Қазақстанның сыртқы істер министрлігі бұл ақпаратты Риа Новости телеграм-арнасында пайда болғаннан кейін бір сағат өткен соң растады. Бұл мен үшін таңқаларлық жағдай емес, себебі олар өте енжар жұмыс істейді. Сыртқы істер министрлігінің жұмысына қатысты сұрақтар көп. Мәселен қазақтарды Израильден неліктен бірден алып шыққаны мүлдем түсініксіз. Министрлікке Газа секторында жүргендердің тағдыры қызықсыз секілді көрінеді», — деп жазды ол.

Сондай-ақ журналист сыртқы істер министрілігінің дұрыс жұмыс істемейтінін, тіпті Қазақстан Елшісінің өзі Иорданияның Амман қаласында жүргенін, жағдайдан мүлдем бейхабар екенін жеткізді.

«Қазір отандастарымыздың ақшасы таусылды, су, азық-түлік, дәрі-дәрмек, тамақ дайындауға арналған газ тапшы. Гуманитарлық көмек келді, бірақ оны бәрі бірдей ала алмады. Өйткені Газа секторындағылардың айтуынша, гуманитарлық қоймаларды бомбамен нысанаға алған. Рас кеше Эль-Султан отбасы екі пита мен жапон тунецін талға жау етті. Бұл үш ересек адамға көп пе, аз ба, өзіңіз бағалаңыз. Тіпті дәрілер де, медициналық көмек те жоқ. Байланыс пен интернетте үлкен проблема бар. 16 күн ішінде Эль-Султан отбасы Beeline роуминг қызметі үшін шамамен 200 000 теңге төледі. Бүгін Beeline KZ Палестинада орналасқан қазақстандықтардың 13 нөміріне 60 минуттық сөйлесу уақыты мен 3 ГБ интернет тегін жеңілдік пакетін, сонымен қатар 69 теңгеге SMS ұсынды. Бірақ бұл бірнеше күнге әрең жетеді. Біздің Үкімет осындай жан түршігерлік жағдайға тап болған азаматтарын аман алып қалады деп сенемін», — деді ол.

Фото: Ольга Аринбасарова Facebook парақшасынан

 

Другие новости

Back to top button