Назначения и отставки

Ғалымжан Қойшыбаев Үкімет Аппаратының басшысы болып тағайындалды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті

Ғалымжан Қойшыбаев ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Үкімет Аппаратының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Ғалымжан Тельманұлы Қойшыбаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Үкімет Аппаратының Басшысы лауазымына тағайындалды», — делінген хабарламада.

Ғалымжан Қойшыбаев1968 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген.

М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университететін тәмамдаған.

1995–2004 жылдары Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің атташесі, үшінші хатшысы, бірінші хатшысы, кеңесшісі, Кеңесші-Уәкілі болып қызмет еткен.

2004 жылы — Қазақстан Республикасының Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарты ұйымының жанындағы Өкілетті өкілі болған. 2004–2006 жылдары — Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Бас инспекторы.

2006–2008 жылдары — Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі.

2008–2012 жылдары — Қазақстан Республикасының Литва Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Латвия Республикасындағы, Эстония Республикасындағы және Финляндия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (қоса атқарушы).

2012–2016 жылдары — Қазақстан Республикасының Финляндия Республикасы мен Эстония Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (қоса атқарушы).

2016 жылдан бастап — Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметін атқарған.

2019 жылғы 26 наурызда Үкімет қаулысымен ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің басшысы болып тағайындалды.

2019 жылғы 18 қыркүйекте ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың Жарлығымен ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің басшысы болып тағайындалды.

2021 жылғы 18 қаңтарда ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың Жарлығымен ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің басшысы болып қайта тағайындалды.

2022 жылғы 11 қаңтарда ҚР Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің басшысы болып қайта тағайындалды.

Другие новости

Back to top button