Главное

Екібастұздағы төтенше жағдай: Балабақшалар мен мектептерге жылу берілді

Екібастұз қаласының әкімі Аян Бейсекин білім беру мекемелерін жылумен жабдықтау туралы айтып берді, деп хабарлайды Экспресс К.

 

Жылу желілеріндегі коммуналдық апатқа байланысты жұмыс істемеген балабақшалар 3 апталық үзілістен кейін балаларды қайта қабылдай бастайды. Сондай-ақ осыған дейін қашықтан оқып жүрген оқушылар да мектепке оралады. Бұл туралы Екібастұз әкімі Аян Бейсекин Instagram желісінде тікелей эфирі барысында хабарлады.

 

19 желтоқсаннан бастап мектептер офлайн форматқа көшіп, барлық балабақшалар ашылады. Барлық дерлік мектепті аралап шықтым, ғимарат ішіндегі температура 18-23 градус шегінде,

— деді әкім.

Сондай-ақ ол Екібастұзда болған коммуналдық апаттың себептерін тергеу жұмысы әлі жалғасып жатқанын хабарлады.

 

Бұған дейін Екібастұздағы төтенше жағдай кезінде электр қуатын шығындағандарға өтемақы төленетіні туралы жазған едік.

Другие новости

Back to top button