Павлодарская область

Екібастұзда екі балықшы жұмбақ жағдайда жоғалып кетті

Еріктілер жоғалып кеткен екі азаматты іздеуге көмектесу үшін қайықпен шықты

Павлодар облысында екі балықшы жұмбақ жағдайда жоғалып кетті, деп хабарлайды  Pavlodarnews.kz .

Еріктілер қайықпен Екібастұздан жоғалып кеткен екі азаматты іздеуге көмектесу үшін шықты.

Vita ұйымының мәліметінше, оқиға орнында төтенше жағдайлар департаменті, полицейлер, хабарсыз кеткен адамдардың туыстары мен жақындары іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

«5 қазанда екі ер адам Екібастұз қаласы Шідерті кенті маңындағы Құтаяқсор көліне балық аулауға кеткен, ал кеше бірінің көлігі табылды. Резеңке қайық пен құтқару кеудешелері ешбір жерде табылмады», — дейді еріктілер. 

Олар қайғылы жағдай орын алса, оқиға орнында қайық болуы керек екенін айтады.

«Қайық қайда кетті? Адамдар соншалықты қатыгез болуы мүмкін бе? Қалайша қайықты алып кетіп, ешкімге  айтпауға болады? Сансыз сұрақ, жауап жоқ», — дейді іздеушілер.  

Екібастұздағы еріктілерге Vita ұйымының іздеушілері де қайықпен шықты.

 

Другие новости

Back to top button