Павлодарская область

Екібастұз қаласы биыл жылусыз қалуы мүмкін

Монополист жылу тарифін көтеру керек деп талап қойып отыр

Екібастұз қаласы биыл жылусыз қалуы мүмкін. Шаһардың жылу қазандағы қысқа дайын емес. Кәсіпорындағы жабдықтар әбден тозған. Кезінде сенімді басқаруға берілген нысанды монополист мемлекет меншігіне қайтарып бермек. Себебі, жылу орталығының шығыны көбейіп, өз-өзін ақтамайтын хәлге түсіпті. Бұл туралы  astanatv хабарлайды.

Ал оны тығырықтан алып шығу үшін жылу тарифін көтеру керек деп талап қойып отыр. Қазір мұнда қазандықты жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.

«Жоспарланған жұмыстардың осы мерзімде 93 проценті атқарылуы тиіс еді. Алайда, қазір тек 75 проценті ғана орындалды. Қажетті жабдықтарды алып жатырмыз. Мердігерлерге қосымша жұмыс күшін тарту керек деп талап қойдық», — деді «Екібастұзжылуэнерго» ЖШС бас директоры Павел Мельничук.

Майқайың кентінің тұрғындары да қыста қиналып қалады деген қауіп бар. 10 мыңнан астам халқы бар елдімекенді жылумен қамтып отырған мекеме биыл күзде жылу беруден бас тартатындарын жеткізді. Жауапты мекеме сенімді басқару мерзімі аяқталғанын айтып, Баянауыл ауданының әкімдігіне ескерту хат жолдаған.

«Біздің Майқайыңды жылумен қамту келісім шартымыз 27-қараша күні күшін жояды. Осы кентті жылыту үшін біздің кәсіпорын жылына 200 млн. теңгеден астам шығын көріп отыр. Қазір қаржылық қиыншылықтарымыз бар. Сондықтан да бас тартып отырмыз», — дейді «Майқайың Алтын» комбинатының бас директоры Қуаныш Ботин.

 

Другие новости

Back to top button