Алматы

Досаев 7 жылдан бері шешілмеген проблеманы жазда аяқтауға уәде берді

Алматының Алатау ауданындағы инженерлік желілерді жаңарту 2017 жылы басталса да, әлі күнге толық шешілмей келеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Алматы қаласының әкімі бүгін Алатау ауданының тұрғындарымен кездесу өткізіп жатыр. Алатау ауданы қаладағы ең проблемалары көп, тұрғындар тарапынан жергілікті биіктің жұмысына шағым жиі түсетін өңір саналады.

Инженерлік жұмыстарды жаңалау осыдан 7 жыл бұрын басталса да, құрылыс жұмыстары сол қалпы аяқталмай қалған. Қала әкімі Ерболат Досаев Алатау ауданының тұрғындарымен кездесу барысында жұмыстардың толықтай биыл жазда аяқталатынын айтты.

«Шаңырақ-2 шағын ауданындағы жаңа салынған желілерді пайдалануға беру үшін осы айдың аяғына дейін 6 кәріз-сорғы станциясы іске қосылады. Сондай-ақ, 2024 жылғы сәуірдің соңына дейін Қарасу шағын ауданында салынған 2 кәріз-сорғы станциясы іске қосылады», — деді Ерболат Досаев.

Осы күнге дейін 14-аумақ шағын ауданының мәселесі шешімін тапты. Жалпы сомасы 2,7 млрд теңгеге құрылысы аяқталмай қалған 16 проблемалық көшенің су (7,5 км) және кәріз желілері (7,5 км) толығымен ауыстырылып, асфальт жабындысы қалпына келтірілді. Бірақ әліде шешімін таппаған жұмыстар жетерлік.

«Қала басшысы қазіргі уақытта аудан әкімдігі тарапынан Өжет шағын ауданында кәріз сорғы станциясы және 228 км болатын Алғабас, Шапағат, Болашақ шағын аудандарында су және кәріз желілерін салу жұмыстарын жалғастырып жатқанын атап өтті. Бұл жұмыстың жоспарланған аяқталу мерзімі — 2024 жылдың соңы», — деп хабарлады Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Биыл сәуір айында Әйгерім шағын ауданында кәріз-сорғы станциясын және Саялы, Боралдай және Ақбұлақ шағын аудандарында 87,4 км сумен жабдықтау және кәріз желілерін салу бойынша жұмыстар жоспарланған. Теректі және Самғау шағын аудандарының инженерлік желілерін дамыту аясында екі жоба түзетуге берілді. Сараптама қорытындысын алу 2024 жылдың сәуірі мен тамыз айларына жоспарланған.

Солтүстік айналма көшесінен Саин көшесіне дейінгі ҮАК бойындағы қала мен көшенің 5 шағын ауданында жалпы ұзындығы 75 км жолдарды орташа жөндеу жоспарланған. Қала басшысы жұмыстардың аяқталуы 2024 жылдың қараша айына жоспарланғанын атап өтті. Сондай-ақ, оның айтуынша, Шаңырақ-1 және Алғабас шағын аудандарында жаңа жолдардың құрылысы 2024 жылдың қараша айында аяқталады.

«2024 жылдың қыркүйегіне дейін Саин көшесін ұзарту аяқталады, ал ағымдағы жылдың соңына қарай Мөңке би көшесіндегі жолайрығының құрылысы аяқталады. Нәтижесінде қаланың негізгі магистральдық көшелерінен, оның ішінде Рысқұлов даңғылынан, Саин және Момышұлы көшелерінен, сондай — ақ аудандық маңызы бар көшелерден көлік жүктемесі айтарлықтай азаяды», — деп атап өтті Ерболат Досаев.

Другие новости

Back to top button