Социум

Дағыстанда жаппай тәртіпсіздіктен 20-ға жуық адам жараланып, әуежай жабылды

Мыңдаған адам Тель-Авивтен келген жолаушылар арасынан Израиль азаматтарын іздеген

Дағыстанның Махачкала қаласындағы әуежайда болған жаппай тәртіпсіздік салдарынан ондаған адам зардап шекті. Сондай-ақ әуежай уақытша жабылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бұл туралы аймақтың денсаулық сақтау министрлігінің Telegram-каналында хабарланды.

«Дағыстандағы Махачкала әуежайындағы оқиға салдарынан 20-дан астам адам, соның ішінде полиция қызметкерлері мен қарапайым азаматтар зардап шекті. Оның 10-ы аймақтағы ауруханаларға жеткізілді, екеуі ауыр халде жатыр», — делінген хабарламада.

Елдің ДСМ басшысы зардап шеккендердің саны мен алған жарақатының ауырлығы анықталып жатқанын хабарлады.

«Росавиация» аталған оқиғаға қатысты әуежайдың 6 қарашаға дйеін жабылғанын мәлімдеді. Кейінірек Дағыстан үкіметі әуежай жұмысының жақын күндері қалыпқа келтірілетінін жеткізді.

Белгілі болғандай, жексенбі күні Махачкала әуежайында жиналған мыңға жуық жергілікті тұрғын әуежайдың ұшу-қону жолағына бұзып кіріп, Тель-Авивтен ұшып келген жолаушылардың арасынан Израиль азаматтарын іздеген.

Baza Telegram-арнасының хабарлауынша, шеруге қатысушылар Израильге қарсы плакаттар ұстап, Палестинаны қолдайтын ұрандар айтқан. Көп ұзамай жиналғандардың бір бөлігі кіреберіс есіктерді бұзып, әуежай терминалының ғимаратына басып кірген.

Другие новости

Back to top button