Образование

Бұзақы бала екен — желіде көпшілік Ахмет Байтұрсынұлының бейнесін бүлдірген оқушының әрекетін сынады

Еліміздегі мектептердің бірінде оқушы бала сыныпта тұрған Ахмет Байтұрсынұлының картон бейнесіне жұдырық жұмсап, сындырып тастаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Желіде жүрген видеода көрінгендей, оқушы Алаш қайраткерінің картон мүсінін басымен соғып, кейін басынан жұдырықпен қойып қалады. Соққыдан Ахмет Байтұрсынұлының «басы» үзіліп түскен.

«Өкініштісі, бұл жерде Ахмет Байтұрсынұлы бейнеленген. Қазақ тілінің, әліпбиінің негізін қалаушы, Алаш зиялысы, ағартушымыз еді», «санасы жоқ бұзақы бала екен», «меніңше, мектепте алаштықтарды, ұлттық руханиятты жете түсіндірмегеннен болып тұр», «ата анасын жауапқа тарту керек, бұл балалық емес нағыз тәрбисіздік, Ахмет атамыз біз үшін ұрпақ үшін жанын берді. Ал біз сенетін жастарымыз осындай надан», деп пікір қалдырды желі қолданушылары.

Редакция оқиға қай мектепте болғанын анықтау үшін тиісті органдарға сұрау жіберді.

Другие новости

Back to top button