Алматы

Бұрыш баллонынан уланған: Алматыда 7 оқушы ауруханаға түсті

9-сынып оқушысы қоңырауда бұрыш баллонын шашқан

Алматының Алмалы ауданында орналасқан №96 жалпыға білім беретін мектептің 9-сынып оқушысы қоңырау уақытында дәретханада бұрыш баллонын шашқан, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

 

Соның салдарынан жанында тұрған оқушылар уланып қалған. Бұл туралы полиция департаменті хабарлаған.

Мектептің 7 оқушысы медициналық көмек көрсету үшін ауруханаға жеткізілді.

«Алмалы аудандық ПБ-на қарасты ПБ оқушының ата-анасына қатысты ҚР ӘҚбК-нің 127-бабына сәйкес шара қолданатын болады», — делінген қалалық ПД хабарламасында.

Сонымен қатар материал кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияның қарауына жіберіледі.

Другие новости

Back to top button