Восточно-Казахстанская область

Бұқтырма су қоймасында жеңіл көлік суға батып, зейнеткер қаза тапты

72 жастағы зейнеткер мұз астына түсіп кеткен көліктен шыға алмай қалған

Шығыс Қазақстан облысының Бұқтырма су қоймасында жеңіл көлік мұз астына түсіп кетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

6 желтоқсанда сағат 19:44-те Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданындағы Бұқтырма су қоймасында жеңіл көлік суға батып кетті. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, көлікте бес адам болған. Олардың төртеуі көліктен шығып үлгерген, ал 1950 жылы туған әйел адам суға батып кетті.

Другие новости

Back to top button