Павлодарская область
Бұландыдағы 20 бала өрттің кесірінен жалғыз мектептерінен айырылды
Бүгін, 2025 жылдың 23 қаңтарында Павлодар облысы Ертіс ауданы Бұланды ауылының мектебі өртке оранып, түгі қалмай жанып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Абырой болғанда, өңірдегі аязға байланысты оқушылар онлайн оқып жатқан.
Павлодар облысының төтенше жағдайлар департаменті өрттің себебін анықтап жатыр.
Ал жергілікті білім беру басқармасы мектептің ғимараты түгел жанып кеткенін, сондықтан, оны қалпына келтіру мүмкін емес екенін хабарлады.
Айта кетейік, бұл мектепте 20 бала оқыған. Жергілікті атқарушы орган ата-аналармен ақылдаса келе жаңа мектеп пайда болған балалар осы ауылдағы шағын білім беру орталығында оқиды деген шешім қабылдаған.