Алматы

Бізде судың бағасы шексіз арзан: Досаев Алматыда тариф өсетінін айтты

Алматы әкімі Ерболат Досаев Түрксіб ауданының тұрғындарымен кездесуде қаладағы су тұтыну тарифі бойынша Президент пен Үкіметке ұсыныс жасайтын ойы бар екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біздің қалада судың бағасын шексіз арзан десе болады. Шексіз. Бұл ретте біз Мемлекет басшысы мен Үкіметке су тұтынудың қалыпты нормаларын енгізу үшін ұсыныс жасағымыз келеді. Яғни, су бойынша бір тариф болсын, ал тұтыну нормасынан асатын барлық нәрсе нарықтық негізде төленуі тиіс. Биыл жазда қаламыздың кейбір аудандарында судың расымен басты байлық екеніне көзіміз жетті», — деді қала әкімі.

Ол сондай-ақ алдағы уақытта қалада су тұтыну тарифі өзгеретінін мәлімдеді.

«Біраз өзгерістер дайындап жатырмыз. Яғни, алдағы уақытта қалада су тұтыну тарифі өзгеретін болады. Себебі, компаниялар негізінен ішетін суды емес, техникалық суды пайдалануы керек. Бірақ бізде Кеңес одағы кезінен қалған «суды аямау» дәстүрі әлі бар. Меніңше, бұл мәселеге көзқарасымызды өзгертетін уақыт жетті. Сондай-ақ Алматы су мен болашағымызға ұқыпты қарау жөнінде басқаларға үлгі бола алады деп ойлаймын», — деді Ерболат Досаев.

Другие новости

Back to top button