Социум

«Біз сізге «жалқау халықтың» қандай екенін көрсетеміз» — Желі қолданушысы Жапаровтан қырғыздарды қорлағаны үшін кешірім сұрауды талап етті

Facebook қолданушысы Аида Сасыбаева Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтан қырғыз халқын қорлағаны үшін кешірім сұрауды талап етті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 24.kg сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

 

Аида Сасыбаева президенттің қырғыздарды жалқау деп атағаны ұнамайтынын айтты.

«Әзіліңіз менің ұлттық ар-намысыма нұқсан келтірді. Сізден кешірім сұрауды талап етемін. Өзіңіздің орынсыз мәлімдемеңізбен елім мен халқымның беделіне нұқсан келтіріп жатырсыз. Осындай кемсітетін әзіліңіздің кесірінен басқа елдер біз туралы жағымсыз пікірде қалуы мүмкін.  Есіңізді жиып, жұртшылықтан кешірім сұрайсыз деп сенемін. Әйтпесе, барлық әлеуметтік желілерде акция жариялаймын. Бұл акцияға жеткілікті адам қосылғанда, біз ереуіл жасайтын күнді нақтылаймыз. Ереуіл бүкіл ел бойынша өтетін болады. Бізді «жалқау ел» дедіңіз. Біз сізге «жалқау халықтың» қандай екенін көрсетеміз», — деп жазды ол.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың қазақ және қырғыз жол салушылары туралы әзілдегенін жазған болатынбыз.

Другие новости

Back to top button